Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»

Бұйрық · № 222 · қабылданған 21.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184391/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог» Қолданыста Бұйрық ·№ 222 ·21.07.2023
21.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»

Қолданыста Бұйрық ·№ 222 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»
Атауы (қаз.)
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222
Қабылданған күні
21.07.2023
Көрсетілген редакция
21.07.2023 184391_644550.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033169
ЭКБ идентификаторы
184391
Редакция идентификаторы
184391_644550
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:47

0 «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары бекітілсін

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 21 шілдедегі
№ 222 бұйрығымен
бекітілген
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Үздік педагог» атағын иеленушіге (бұдан әрі – иеленуші) сыйақы төлеу және оның мөлшері тәртібін айқындайды.

2 2. Сыйақы білім беру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, ол иеленушінің ағымдағы шотына бір рет аударылады.

3 3. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерін құрайды.

2 2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу тәртібі

4 4. Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде иеленуші сыйақы алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды қолма-қол немесе электрондық форматта ұсынады:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) иеленушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі туралы мәліметтер.

5 5. Құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде иеленушінің ағымдағы шотына сыйақыны аудару жүргізіледі.

Қолданыстағы