Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения города Шымкент
Қолданыста
Қаулы
·№ 1875
·
17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1875
- Қабылданған күні
- 31.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 184477_644625.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0019017
- ЭКБ идентификаторы
- 184477
- Редакция идентификаторы
- 184477_644625
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:36
0 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
Шымкент қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» шілдедегі
№ 1875 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
№
Объектілердің атауы
аумағы, га
Мемлекеттік зоологиялық парк
1
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
29,25
Мемлекеттік дендрологиялық парк
2
«Асанбай Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
117,04