Қолданыстағы ред. 20.01.2004 (Редакция 18450_290728.kaz)

Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссия құру туралы от 20.01.2004 г. № 8 (Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссия құру туралы)

0

Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Заңдарына сәйкес және жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сақтандыру, ауданда санитарлық эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссия құрылсын және оның құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссиясының Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3

3. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 201 "Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссия құру туралы" қаулысы бұзылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.

5. Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссиясының ЕРЕЖЕСІ

Аудандық әкімиятының
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ 8 қаулысымен бекітілді
Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ

6. І. Жалпы ереже

І. Жалпы ереже

1

1. Аудандық төтенше жағдайдағы эпидемияға қарсы комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясың, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3

3. Комиссияның құрамы аудан әкімиятының қаулысымен бекітіледі және аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылады.

4

4. Комиссия өз қызметін мемлекеттік органдармен, мекемелер мен өзара байланыста жүзеге асырады.

11. ІІ. Комиссияның мақсаты, міндеті және қызметі

ІІ. Комиссияның мақсаты, міндеті және қызметі

5

5. Комиссияның мақсаты аурудың алдын алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау.

6

6. Жұқпалы және паразиттік аурулар қаупі туғанда шектеулі шаралар, халық тұрмысы мен шаруашылық қызметінің аса маңызды жағдайларына карантин орнатады.

7

7. Аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сұрыптау, жан-жақты және объективті зерттеу.

8

8. Комиссия өз құзыретінің шегіндегі отырыстарына мемлекеттік орган, мекеме, ведомство және кәсіпорын басшыларын шақыруға және эпидемиологиялық жағдайда қатер туындау сұрақтары жөнінде есептерін, хабарлама тыңдауға, өз қызметіне қажетті құжаттар, материалдар және ақпараттар сұрауға құқылы.

16. ІІІ. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

ІІІ. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

9

9. Комиссияны төраға басқарады.

10

10. Комиссия құрамына аудандық мемлекеттік органдар мен басқа ұйым өкілдері енеді.

11

11. Комиссия отырысы қажеттілігіне орай өткізіледі.

12

12. Комиссия отырысына қатысқан мүшелердің санынан жай дауыстардың көптігі мен комиссия шешім қабылдайды. Дауыстардың теңдігі кезінде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

13

13. Комиссияның төрағасы:

1

1) комиссияның қызметін ұйымдастырады және жетекшілік етеді;

2

2) комиссия отырысының күн тәртібін ресімдейді;

3

3) комиссияның отырысын шақырады және төрағалық етеді.

14

14. Комиссияның төрағасы жоқ болған кезде оның тапсырмасымен отырысты орынбасары немесе комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.

15

15. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету комиссия хатшысымен жүзеге асырылады, аудан әкімі аппаратының құрылымдылық бөлімшелерінің бірінің функциясын орындайды.