Қолданыстағы ред. 20.01.2004 (Редакция 18455_290719.kaz)

Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы от 20.01.2004 г. № 3 (Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы)

0

Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын және кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаттық кезекті сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (жалғанды).

3

3. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы" № 196 қаулысы бұзылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.

5. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесі

Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілді
Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің
ережесі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Тасқала ауданы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2

2. Кеңестің төрағасы аудан әкімінің орынбасары болып табылады.

3

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және осы ережені басшылыққа алады.

2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері

2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері

4

4. Кеңестің негізгі мақсаттары:

1

1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;

2

2) халықтық құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру;

3

3) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру.

4

4) еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы міндеттемелерді орындалуда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.

5

5. Кеңестің негізгі міндеттері:

1

1) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінде құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;

2

2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының жұмысын талдау;

3

3) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына ұсыныстар әзірлеу;

4

4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

3. 3. Кеңес қызметтерінің түрлері

3. Кеңес қызметтерінің түрлері

6

6. Кеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

1

1) өзара ақпарат алмастыру;

2

2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстық жағдайын бірлесіп талқылау;

3

3) ауданның атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;

4

4) құқықтық білім "күндерін", "аптасын", "айлығын" өткізу;

5

5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстық жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстық шартын әзірлеу және бекіту;

6

6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу.

7

7. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.

4. 4. Кеңестің функциялары

4. Кеңестің функциялары

8

8. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:

1

1) ауданның мемлекеттік кәсіпорындарында, мекемелерінде құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстық жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруда көмек көрсетеді;

2

2) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсіби мазмұнын талдайды;

3

3) ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзірлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;

4

4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.

5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

9

9. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.

10

10. Отырыс төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестің бір мүшесі басшылық етумен өткізіледі.

11

11. Отырыс кеңес мүшелерінің жартысынан аса мүшелері қатысуында ғана заңды деп есептеледі.

12

12. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестің отырысынан кейін екі күн ішінде ресімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшін оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қоса беріліп таратылады.

13

13. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің қызметкерлерін, жергілікті атқару органдардың басшыларын тартуға және шешімдерді, жоспарлы іс-шараларды орындау жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.