Аудан әкімдігі жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жыл 7 тамыздағы N 883 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігі жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы от 16.01.2004 г. № 10 (Аудан әкімдігі жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы)
1. Аудан әкімдігі жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Комиссияның дербес құрамы бекітуге аудандық мәслихатқа ұсынылсын.
3. Ұсынылып отырған аудан әкімдігі жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Аудан әкімдігінің 2003 жыл 26 қарашадағы N 113 "Аудан әкімі аппараты жанынан шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Мендыгалиевке тапсырылсын.
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы
N 10 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімдігі жанындағы Шағын және орта
бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Аудан әкімдігі жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Президенттің "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу;
2) ауданның экономикалық, қаржылық, ресурсты-өндірістік және тұрақтылық потенциалын барынша мүмкіншілікпен тиімді пайдалануға жәрдемдесу;
3) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөнінде мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу;
4) ауданның өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, олардың бірлестіктерін, одақтары мен қауымдастықтарын тарта отырып, оларды әзірлеуге қатысу;
5) ауданда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
4. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен шағын және орта бизнестің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
3) тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен тақырыптық отырыстар өткізу;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау;
5) ауданның шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы басым бағыттарын анықтау.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады.
6. Аудан әкімі аппаратының экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссияның отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
8. Комиссия отырысында қарау үшін мәселелер тізбесі қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітеді.
9. Бекітілген тізбе Комиссия мүшелеріне тізім бойынша таратылады.
10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
11. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
12. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
13. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес жүргізіледі және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақыруымен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
14. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалары, өтініштері қаралатын кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысуы мүмкін.