Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением

Бұйрық · № 608 · қабылданған 31.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184595/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением Қолданыста Бұйрық ·№ 608 ·31.07.2023
30.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением

Қолданыста Бұйрық ·№ 608 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения отчета начальника департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, городского, районного, районного в городе органа полиции перед населением
Атауы (қаз.)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
608
Қабылданған күні
31.07.2023
Көрсетілген редакция
30.01.2024 184595_683971.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033218
ЭКБ идентификаторы
184595
Редакция идентификаторы
184595_683971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:36

0 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штабы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына және Штаб-департаментке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 608 бұйрығымен
бекітілген
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының халық алдындағы есебін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органы бастығының есебі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық полиция органының (бұдан әрі – аумақтық полиция органдарының бастықтары) жұмысы туралы азаматтарды хабардар ету бойынша халық алдында бетпе-бет сөз сөйлеуі болып табылады.

3

3. Есептерді өткізу кезінде аумақтық полиция органдарының бастықтары Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

2 2-тарау. Есептерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4 4. Аумақтық полиция органдары бастықтарының халық алдындағы есептері жылына кемінде бір рет – есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органның өкілдерін шақыра отырып өткізіледі.

5 5. Аумақтық полиция органдары бастықтарының есептері:

1 1) халық алдындағы ашықтықты, жауапкершілікті және есептілікті одан әрі арттыру;

2 2) ашықтық және жариялылық қағидатын қамтамасыз ету;

3 3) азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру;

4 4) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы хабардар ету;

5 5) қоғамдық бақылау жүйесін дамыту;

6 6) құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

7 7) азаматтарды полиция қызметі саласында құқықтық ағарту мақсатында жүзеге асырылады.

6 6. Аумақтық полиция органдары бастықтарының есебінде:

1 1) қызмет көрсетілетін аумақтағы криминогендік жағдай;

2 2) қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі республикалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері;

3 3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу және тергеу жөніндегі полиция қызметінің негізгі қорытындылары;

4 4) қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі;

5 5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелілігі;

6 6) жеке және заңды тұлғалардың, мәслихаттар депутаттарының, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ аумақтық полиция органдары қызметіндегі кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға ден қою шаралары;

7 7) аумақтық полиция органдарының қызметі туралы қоғамдық пікір мониторингінің қорытындылары;

8 8) Қазақстан Республикасының полиция қызметі саласындағы заңнамасына өзгерістер;

9 9) жергілікті деңгейде шешуді талап ететін аумақтық полиция органдарының қызметін ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер;

10 10) қызмет көрсетілетін аумақтағы қалыптасқан жағдайға сәйкес қарауды талап ететін өзге де мәселелер көрсетіледі.

7 7. Есеп барысында азаматтардың ұсыныстары мен ескертулері тыңдалады, олар бойынша тиісті түсініктемелер мен жауаптар беріледі.

8 8. Аумақтық полиция органдары:

1 1) аумақтық полиция органдары бастықтарының халық алдында есеп беру күндерін айқындайды және тиісті кестелерді бекітеді;

2

2) есептік кездесулер өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымдары, теле-радиоарналар, ресми интернет-ресурстар) олардың өткізілетін уақыты мен орнын, кестелері мен халықтың алдағы есептерге мәселелерді (ұсыныстарды) жіберу тәсілдері туралы ақпаратты айқындайды және жариялайды.

9 9. Өткізу орны санитарлық және гигиеналық талаптарға сай болуы және қатысушылардың болжамды саны сыятындай болуы керек.

10 10. Есепті дайындау кезінде:

1 1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік;

2 2) қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қолданыстағы республикалық және өңірлік бағдарламалар;

3 3) жеке және заңды тұлғалардың, өкілетті органдар, қоғамдық кеңестер депутаттарының, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер өкілдерінің өтініштері;

4 4) полиция қызметі туралы қоғамдық пікірді зерделеу нәтижелері;

5 5) полиция қызметі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;

6

6) аумақтық полиция органдарын ресурстық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі полицияға жүктелген міндеттерді іске асыруға жергілікті атқарушы органдар бөлген қаржылық және өзге де қаражатты пайдалану нәтижелері туралы мәліметтер;

7 7) өзге де қажетті ақпарат пайдаланылады.

11

11. Есепке тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарының депутаттары, жұртшылықтың, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым органдарының, ауыл және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

12 12. Есептің жүргізілу барысы хаттамада тіркеледі, оны хатшы – аумақтық полиция органдарының қызметкері жасайды.

13 13. Есеп хаттамасында міндетті түрде есепті өткізу уақыты, күні, орны, қатысушылар саны, қабылданған шешімдер, сондай-ақ есеп барысында келіп түскен азаматтардың шағымдары, ұсыныстары мен ескертулері туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

14 14. Есеп хаттамасы тікелей өткізілген күні ресімделеді.

15 15. Хаттамаға хатшы және аумақтық полиция органының бастығы қол қояды.

16 16. Есеп барысында толық көлемде жауаптар мен түсініктемелер берілмеген азаматтардан келіп түскен барлық шағымдар, ұсыныстар мен ескертулер хаттамада тіркеледі және олар бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен тиісті тексеру жүргізіледі.

17 17. Полицияның құзыретіне кірмейтін шағымдар, ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жағдайда, олар бастамашыны міндетті түрде хабардар ете отырып, ведомстволық бағыныстылығы немесе аумақтылығы бойынша мемлекеттік органдарға жіберіледі.

18

18. Есептік материалдарды тіркеуді, есепке алуды және сақтауды «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) аумақтық полиция органдарының штаб бөліністері жүзеге асырады.

19 19. Есеп хаттамасының орындалуын бақылау аумақтық полиция органдарының басшылығына жүктеледі.

20 20. Есепте азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін марапаттауға рұқсат етіледі.

21 21. Есеп беруді өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тиісті аумақтық полиция органының бастығына жүктеледі.

Қолданыстағы