Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы от 16.01.2004 г. № 7 (Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы)
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).
2. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
3. Кеңес туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
4. Аудан әкімдігінің 2003 жыл 26 қарашадағы N 111 "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шыныбековке жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы
N 7 қаулысымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3. Кеңестің төрағасы аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына аудан әкімі аппаратының ішкі саясат жөніндегі бас маманы, аудандық мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31, 33 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің міндеттері:
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстар әзірлеу;
2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасауға жәрдемдесу;
3) жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы өзара іс-әрекеттестілігі жүйесін жетілдіру;
4) Кеңестің құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдар әзірлеу;
5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және қарауға қатысу;
6) үкіметтік емес сектордың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру;
7) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің төркінін жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;
8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
9) үкіметтік емес ұйымдар қызметіне арналған конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу.
3. Кеңестің өкілеттігі
5. Кеңес өзінің құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:
1) өзінің мәжілістерінде ауданның атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тыңдайды;
2) ауданның атқарушы органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар сұратады;
3) Кеңестің мәжілістерін әзірлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделді және кәсіби даярлығы бар жұртшылықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін штаттан тыс сарапшы ретінде тартады;
4) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық талдау, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдарды жолдайды;
5) Кеңес азаматтардан түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегі материалдарды осы мәселелер бойынша шешім алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазым иелеріне жібереді.
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
6. Кеңес Төрағадан, оның екі орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.
7. Кеңестің төрағасы Кеңестің мәжілісін жүргізеді, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді айқындайды, басқа да ұйымдастыру-басқарушылық міндеттерді орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасарларының біреуі атқарады.
8. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі.
9. Кеңестің мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсіруге, ескертулер айтуға құқылы.
10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
11. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.
12. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болады.
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді аудан әкімі аппаратының ішкі саясат жөніндегі бас маманы жүзеге асырады.