Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил внедрения и эксплуатации автоматизированной системы управления дорожным движением в городе Алматы

Қаулы · № 3/425 · қабылданған 04.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184737/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил внедрения и эксплуатации автоматизированной системы управления дорожным движением в городе Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 3/425 ·04.08.2023
04.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил внедрения и эксплуатации автоматизированной системы управления дорожным движением в городе Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 3/425 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил внедрения и эксплуатации автоматизированной системы управления дорожным движением в городе Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/425
Қабылданған күні
04.08.2023
Көрсетілген редакция
04.08.2023 184737_645942.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23R0001732
ЭКБ идентификаторы
184737
Редакция идентификаторы
184737_645942
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:30

0 Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-16) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидалары

Қаулыға қосымша
Әкімнің міндетін атқарушы
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 3/425
Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидалары

1

1. Алматы қаласынның жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалануды тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда келесі ұғым пайдаланылады:

1 1) басқарушы компания – жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енізу және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын компания.

3

3. Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізудің мақсаты Алматы қаласының тұрғындары үшін көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде көше-жол желісінің өткізу қабілеттілігін жоғарлату, апаттық жағдайларды азайту, қоғамдық көліктің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.

4 4. Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің міндеттері:

1 1) көлік жүйесінің пайдалану тиімділігін арттыру;

2 2) жолдағы ыңғайлық пен жайлылықты арттыру;

3 3) жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5 5. Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, пайдалану және басқару басқарушы компаниямен жүзеге асырылады.

6 6. Басқарушы компания:

1 1) жол жүрісін ұйымдастыру және жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі мәселелері бойынша жолдарды қайта жаңғырту және салу кезінде техникалық шарттарды әзірлеу және келісуді;

2 2) тұрғын үй объектілерін, коммерциялық жылжымайтын мүлікті, өндірістік кәсіпорындарды, өзге де инфрақұрлым объектілерін қайта жаңғырту мен салуды ескере отырып, көше-жол желісіндегі жол жүрісін қолданыстағы және болжамды ұйымдастыруды көліктік талдауды;

3 3) жаңадан әзірленетін және енгізілетін жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық ерекшеліктерін әзірлеу мен келісуді;

4 4) жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесімен біріктіруді жүзеге асырады.

7 7. Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу тәртібі:

1 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу;

2 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

3 3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

4 4) тестік сынаулар;

5 5) жол жүрісін басқару жүйесін пайдалануға енгізу.

8 8. Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін басқарушы компания:

1 1) көше-жол желісінің паспорттарына;

2 2) көше-жол желісін құру және қайта жаңғырту жоспарына;

3 3) көлік түрлері мен көлік құралдарының түрлері бойынша қозғалыс қарқындылығы мен жылдамдығы туралы алдын ала деректеріне;

4 4) жолаушыларды тасымалдаудың жоспарлы сызбанұсқасы мен жолаушылар ағынының статистикасына;

5 5) жол қозғалысының қиындау және жол-көлік оқиғаларының ошақтары бойынша статистикасына;

6 6) интелектуалды көлік жүйесін енгізу аймағының топологиялық картасына;

7 7) көше-жол желісі учаскелерінің өткізу қабілеттілігіне сұраныс сызбасына зерттеу жүргізуі тиіс.

9 9. Интеллектуалды көлік жүйесінің орталық және перифериялық жабдығын күтіп-ұстау, пайдалану, ағымдағы және жоспарлы жөндеу жұмыстары өндіруші зауыт нұсқаулықтарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйе объектілерін ұзақ мерзімді пайдалану мақсатында жабдықтың толығымен қолданыста болу кезеңіндегі олардың тұрақты функционалдық жарамдылығы қамтамасыз етілуі тиіс.

10 10. Орталық және перифериялық жабдықты ағымдағы және жоспарлы жөндеу жұмыстарын басқарушы компания жүзеге асырады.

Қолданыстағы