О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 656
- Қабылданған күні
- 08.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2023 184844_646823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000656
- ЭКБ идентификаторы
- 184844
- Редакция идентификаторы
- 184844_646823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:27
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тiзбесiнде:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.».
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын.