Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Уилском районе

Қаулы · № 134 · қабылданған 01.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184885/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Уилском районе Қолданыста Қаулы ·№ 134 ·01.08.2023
01.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Уилском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 134 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Уилском районе
Атауы (қаз.)
Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
134
Қабылданған күні
01.08.2023
Көрсетілген редакция
01.08.2023 184885_647237.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CK00134A
ЭКБ идентификаторы
184885
Редакция идентификаторы
184885_647237
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:34

0 Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, «Қоммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ойыл ауданы әкімдігінің

«1» тамыз 2023 жылғы
№ 134 қаулысына қосымша
Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ойыл ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сейкес әзірленген және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

2 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:

1 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

2 2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

3 3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2 2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

4 4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

5 5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

6 6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

7 7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

1 1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

2 2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

8 8. Ойыл ауданының тұрғындарынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін әрбір абаттандыру түрі бойынша тұрғындардың жалпы санынан халықтың 2%-ын қамтитын учаскелер бөлінеді.

9

9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

10 10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

11 11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

12 12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

13

13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

14

14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

15

15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

16

16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

17 17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

18

18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

1 1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

2 2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

19 19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

20 20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3 3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

21 21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

1 1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

V конт=h*S
мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S – контейнер түбінің алаңы, м2;

2 2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

3 3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mконт=m3- mп
мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

4 4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

5 5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

6 6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7
мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

7 7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус/(nxa)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус/(nxa)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
а – есептік бірліктің саны.

8 8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

9 9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vж, м3):
Vж= Vтожх nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж= mтожX nк
мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

22 22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

1 1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

qcp = m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

2 2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:
Кбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Кбе = mом/mж

3 3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:
Кмбе= Vmax.тәу./Voм
мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3
массасы бойынша:
kсн= mmaxтәу./moм
мұндағы mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

23 Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Ойыл ауданында
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын есептеудің
қағидаларына 1-қосымша

Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
Есеп­тік бір­лік
1
Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
1 тұр­ғын
2
Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
1 орын
3
Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
1 орын
4
Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
1 орын
5
Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
1 қыз­мет­кер
6
Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
1 ке­ліп ке­ту
7
Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
1 тө­сек-орын
8
Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
1 оқу­шы
9
Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, бас­қа­да кө­ніл кө­те­ре­тін ғи­ма­рат­тар және қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
1 оты­ра­тын орын
10
Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік клуб­тар
1 оты­ра­тын орын
11
Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер
Жал­пы ала­ңы 1 м2
12
Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
13
Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
14
Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер
са­уда ала­ңы 1 м2
15
Ма­ши­на­лар­дан са­ту
са­уда ор­ны­ның 1 м2
16
Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
Са­уда ала­ңы 1 м2
17
Өнер­к­ә­сіп­тік, азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
18
Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
Жал­пы ала­ңы 1 м2
19
Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
20
Жа­ға­жай­лар, жол­дар­дан кө­ше сме­та­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
21
Дә­рі­ха­на­лар
Са­уда ала­ңы 1 м2
22
Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС
1 ма­ши­на-орын
23
Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
1 жұ­мыс­шы
24
Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер
1 га­раж­ға
25
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
1 жұ­мыс ор­ны
26
Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
Жал­пы ала­ңы 1 м2
27
Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
28
Кі­ші­гі­рім жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.)
1 жұ­мыс ор­ны
29
Мон­ша­лар, сау­на­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
30
Қа­ла ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды, са­ябақ қал­дық­та­ры
1000 қа­ты­су­шы
31
Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
1 учас­ке
Ойыл ауданында
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын есептеудің
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Мекенжайы _____________________________________________________
2. Қабаттылығы ___________________________________________________
3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________
5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ______________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _____________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ __________
г) қоқыс құбырының болуы _________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабыны қатты ____________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар _________________________________________
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________
8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _______________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________ _________________________________________________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Объектінің атауы ________________________________________________
2. Мекенжайы _____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) _____________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________
сауда алаңы ______________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабын қатты ______________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Ойыл ауданында коммуналдық
қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын есептеудің
қағидаларына 3-қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
_____________
(күні)
_________________________________________________объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Кон­тей­нер­дің р/с №
Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м
Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м2
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, V, h*S, м3
Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m3, кг
Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), mп, кг
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, mконт, m3 - mп
1
2
...
Тәулік ішіндегі жиыны
Vтәу
Мтәу
Ойыл ауданында коммуналдық
қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын есептеудің
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Ап­та­ның күн­де­рі
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі
Есеп­тік бір­лік­тің са­ны
Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы
Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м3
Бар­лы­ғы қай­та­лам а ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де)
жал­пы
1 есеп­тік бір­лік­ке
кг
м3
кг
м3
кг
м3
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Ойыл ауданында коммуналдық
қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын есептеудің
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі ______________________________________________
Объ­ект
Ай
Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны
Қал­дық­тар­дың жи­на­луы
Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент
Бө­лек жи­нау, кг
жал­пы
өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
жал­пы
1 өл­ше­не­тін бір­лік­ке
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Барлығы ____________
Тәулігіне орташа _______________
Қолдары ______________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________

Қолданыстағы