Об утверждении Правил разработки, согласования и утверждения требований нормативно-технического, санитарно-эпидемиологического и метрологического обеспечения контроля и учета вод
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил разработки, согласования и утверждения требований нормативно-технического, санитарно-эпидемиологического и метрологического обеспечения контроля и учета вод
- Атауы (қаз.)
- Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекiту ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 06.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI18491_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000141_
- ЭКБ идентификаторы
- 18491
- Редакция идентификаторы
- AI18491_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:30
0 Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекiту ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекiту ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
0 Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту Ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 6 ақпандағы
N 141 қаулысымен
бекiтілген
Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту ережесi Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекiту тәртiбiн белгiлейдi.
2 2. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалары мен нормаларын, басқа да нормативтiк құқықтық актілерін қамтиды.
3 3. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
4 4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
өлшемдер орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау - өлшемдер орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау (растау);
өлшемдер орындау әдiстемесi - орындалуы осы өлшемдер орындау әдiстемесi белгiлеген дәлдiкпен өлшемдер нәтижелерiн алуды қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы.
5 5. Суды бақылау мен есепке алу үшiн пайдаланылатын өлшемдер орындау әдiстемесi өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде мiндеттi метрологиялық аттестаттау мен тiркеу рәсiмдерiнен өтедi.
6 6. Суды бақылау мен есепке алу үшiн пайдаланылатын өлшемдер орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттауды аккредиттелген заңды тұлғалар стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырады.
2 2. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту
7
7. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және қолданыстағы мемлекеттiк стандарттау жүйесi стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
8
8. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу кезiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, тәжiрибелiк-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелерi, патенттiк зерттеулердiң нәтижелерi, отандық және шетелдiк ғылымның, техника мен технологияның қазiргi жетiстiктерi туралы ақпарат пайдаланылады.
9 9. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеудi:
стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша суды бақылау мен есепке алуды метрологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк-техникалық актiлер жобаларын дайындау шеңберiнде;
су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілетті орган халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жер бетi суларын бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлетті орган су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша жер асты су қорларын бақылау әрi есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілетті органдармен келiсiм бойынша судың санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн бақылау әрi есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде.
10
10. Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары қамтылатын нормативтiк-техникалық актiлер жобаларын осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда қарау және келiсу мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.