Об установление публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установление публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 31.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 184919_646900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23ULD0022B
- ЭКБ идентификаторы
- 184919
- Редакция идентификаторы
- 184919_646900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:36
0 Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. «Уранқуат» ЖШС-не Таукент кентінің көп қабатты үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 10 Кв жерасты кабельін жаңарту (ауыстыру) жұмыстарына барлығы 0,0854 гектар жер учаскесін пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге сервитут белгіленсін.
2
2. Жалға алған жер учаскесіне төленетін сервитут ақысы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада төлемдер туралы (Салық Кодекс) кодексіне» сәйкес келісім-шартта көрсетілген мерзімде төленіп отырсын. Осы аталған келісім-шарт 10 күн мерзімінде жасалынып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының есеп шотына төлеп отыру ұсынылсын.