Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Өзге акт · № 30 · қабылданған 08.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184962/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения мирных собраний Қолданыста Өзге акт ·№ 30 ·08.08.2023
07.08.2024 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Қолданыста Өзге акт ·№ 30 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения мирных собраний
Атауы (қаз.)
Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
08.08.2023
Көрсетілген редакция
07.08.2024 184962_714937.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23UC063351
ЭКБ идентификаторы
184962
Редакция идентификаторы
184962_714937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:27

0 Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 - бабы, 2 -тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Кентау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 365 «Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 1 қосымша
Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

1 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының алдындағы алаң, Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2Б.

2 2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:

М.Дулатов және С.Байтереков көшелерінің қиылысынан бастап, С.Бәйтереков көшесінің бойымен «Ыңтымақ» алаңына дейін.

9 Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 2 қосымша
Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

2

2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

3

3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

4 4. Кентау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының алдындағы алаң, Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2Б, шекті толу нормасы 100 адам.

5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

6

6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

9 9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

18 Кентау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтарының шекаралары

Кентау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 30 шешіміне 3 қосымша
Кентау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтарының шекаралары
Кентау қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінің, магистральдық құбыржолдардың, ұлттық электр желісінің, магистральдық байланыс желілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы