Қолданыстағы ред. 24.01.2004

Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы от 24.01.2004 г. № 17 (Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы)

0

Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі (жалғанды) бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Тарғыновқа жүктелсін.

3. Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 24 қаңтардағы
«Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және
қаржыландыру Ережесін бекіту туралы»
№17 қаулысымен бекітілген
Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру
Ережесі

1. 1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі

1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі

1.1

1.1. Ақоба ауылдық округінің әкімі.

1.2

1.2. Борсы ауылдық округінің әкімі.

1.3

1.3. Жәнібек ауылдық округінің әкімі.

1.4

1.4. Жақсыбай ауылдық округінің әкімі.

1.5

1.5. Қамысты ауылдық округінің әкімі.

1.6

1.6. Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі.

1.7

1.7. Талов ауылдық округінің әкімі.

1.8

1.8. Тау ауылдық округінің әкімі.

1.9

1.9. Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі.

1.10

1.10. Тапсырыс бойынша аралас еңбекақы төлейтін (еңбекке ақы төлеудің 50 % жұмыспен қамтушы өкілетті органның қаржысы есебінен, 50 % жұмыс берушінің қаржысы есебінен) "жұмыс беруші".

1.11

1.11. Тапсырыс бойынша 100 % еңбекақы төлейтін "жұмыс беруші".

2. 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері

2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері

2.1

2.1. Экологиялық (ауылдық округтердің аумағын көгалдандыру, көркейту және аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіру, күл қоқыс шығару).

2.2

2.2. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеу, коммуникациялар салу.

2.3

2.3. Суландыру жұмыстарын жүргізу, бұлақтарды іздеу және көркейту, құдықтарды, арналарды жөндеу.

2.4

2.4. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

2.5

2.5. Өз жеке меншік ат көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.

2.6

2.6. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді және қорықтағы жерлерді қалпына келтіруге қатысу.

2.7

2.7. Мәдени-спорттық шараларды (спорттық жарыстарды, семинарларды және т.б.) ұйымдастыруға көмектесу.

2.8

2.8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.

2.9

2.9. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысу (бақташы, жылқышы).

2.10

2.10. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесу.

3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру

3.1

3.1. Жергілікті бюджеттен.

3.2

3.2. Тапсырыс бойынша "жұмыс берушінің" қаржысы есебінен.

4. 4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу

4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға
еңбекақы төлеу

4.1

4.1. Мемлекеттік бюджет есебінен және "жұмыс берушінің" тапсырысы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

4.2

4.2. Теңгермешілікті жою және жұмыссыздардың еңбегін иесіз қалдырмау үшін Қазақстан Республикасының Заңдылықтарында белгіленген ең төменгі еңбек ақыны 5 күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс күні санына бөлу жолымен жұмыссыздардың орташа бір күндік табысы белгіленген
(6600 теңге: 19 күн=347,4 теңге).

4.3

4.3. Орындалған жұмыстың қиындығы мен көлеміне байланысты, қолда бар бірыңғай нормалар мен баға қою негізінде еңбек ақыны есептеу үшін коэффициенттер (разрядтар) қолданылады.

4.3.1

4.3.1. Экологиялық (ауылдық-округтердің аумағын көгалдандыру және көркейту, аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіру, күл қоқыс шығару).

4.3.2

4.3.2. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтық жерлерді қалпына келтіруге қатысу.

4.3.3

4.3.3. Мәдени-спорттық шараларды (спорттық жарыстарды, семинарларды және т.б) ұйымдастыруға көмектесу.

4.3.4

4.3.4. Республикасы және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.

4.3.5

4.3.5. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесу.

4.3.6

4.3.6. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеу, коммуникациялар салу.

4.3.7

4.3.7. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарға қатысу (бақташы, жылқышы).

4.3.8

4.3.8. Суландыру жұмыстарын жүргізу, бұлақтарды іздеу және көркейту, құдықтарды, арықтарды, арналарды жөндеу.

4.3.9

4.3.9. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

4.3.10

4.3.10. Өз жеке меншік ат көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.

4.4

4.4. Ең төменгі еңбек ақы көлемінің өзгеруімен байланысты, бір күндік еңбек ақы мөлшері де өзгеруі мүмкін.

5. 5. Жұмыссыздарға кепілдік беру мен өтемақы төлеу

5. Жұмыссыздарға кепілдік беру мен өтемақы төлеу

5.1

5.1. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу іс жүзінде жұмыс істеген уақытына (орындалған жұмыс көлеміне) қарай жұмыс уақытының есебін жүргізетін тізімдік негізінде жүргізіледі.

5.2

5.2. Жұмыс беруші жұмыссыздың еңбек ақы сомасының 10% міндетті түрде жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

5.3

5.3. Жұмыс берушінің қаржысы есебінен жұмыссыздың еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушінің жеке еңбек шартына, шартына немесе актысына сәйкес анықталады.

5.4

5.4. Жұмыс берушілер техника қауіпсіздігі ережесі мен талаптарын орындау бойынша жағдай туғызуға міндетті.

5.5

5.5. Қоғамдық жұмысты жұмыс берушілердің қаржысымен қаржыландырған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыздың денсаулығына зақым келген жағдайда зиянды өтеу қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.