Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі (жалғанды) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Тарғыновқа жүктелсін.
Басқа 3. Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» №17 қаулысымен бекітілген Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі
Тарау 1. 1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
Тармақ 1.1
1.1. Ақоба ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.2
1.2. Борсы ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.3
1.3. Жәнібек ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.4
1.4. Жақсыбай ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.5
1.5. Қамысты ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.6
1.6. Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.7
1.7. Талов ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.8
1.8. Тау ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.9
1.9. Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі.
Тармақ 1.10
1.10. Тапсырыс бойынша аралас еңбекақы төлейтін (еңбекке ақы төлеудің 50 % жұмыспен қамтушы өкілетті органның қаржысы есебінен, 50 % жұмыс берушінің қаржысы есебінен) "жұмыс беруші".
Тармақ 1.11
1.11. Тапсырыс бойынша 100 % еңбекақы төлейтін "жұмыс беруші".
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 2.1
2.1. Экологиялық (ауылдық округтердің аумағын көгалдандыру, көркейту және аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіру, күл қоқыс шығару).
Тармақ 2.2
2.2. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеу, коммуникациялар салу.
Тармақ 2.3
2.3. Суландыру жұмыстарын жүргізу, бұлақтарды іздеу және көркейту, құдықтарды, арналарды жөндеу.
Тармақ 2.4
2.4. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 2.5
2.5. Өз жеке меншік ат көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.
Тармақ 2.6
2.6. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді және қорықтағы жерлерді қалпына келтіруге қатысу.
Тармақ 2.7
2.7. Мәдени-спорттық шараларды (спорттық жарыстарды, семинарларды және т.б.) ұйымдастыруға көмектесу.
Тармақ 2.8
2.8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.
Тармақ 2.9
2.9. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысу (бақташы, жылқышы).
Тармақ 2.10
2.10. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесу.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
Тармақ 3.1
3.1. Жергілікті бюджеттен.
Тармақ 3.2
3.2. Тапсырыс бойынша "жұмыс берушінің" қаржысы есебінен.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттік бюджет есебінен және "жұмыс берушінің" тапсырысы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Теңгермешілікті жою және жұмыссыздардың еңбегін иесіз қалдырмау үшін Қазақстан Республикасының Заңдылықтарында белгіленген ең төменгі еңбек ақыны 5 күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс күні санына бөлу жолымен жұмыссыздардың орташа бір күндік табысы белгіленген (6600 теңге: 19 күн=347,4 теңге).
Тармақ 4.3
4.3. Орындалған жұмыстың қиындығы мен көлеміне байланысты, қолда бар бірыңғай нормалар мен баға қою негізінде еңбек ақыны есептеу үшін коэффициенттер (разрядтар) қолданылады.
Тармақ 4.3.1
4.3.1. Экологиялық (ауылдық-округтердің аумағын көгалдандыру және көркейту, аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіру, күл қоқыс шығару).
Тармақ 4.3.2
4.3.2. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтық жерлерді қалпына келтіруге қатысу.
Тармақ 4.3.3
4.3.3. Мәдени-спорттық шараларды (спорттық жарыстарды, семинарларды және т.б) ұйымдастыруға көмектесу.
Тармақ 4.3.4
4.3.4. Республикасы және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.
Тармақ 4.3.5
4.3.5. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесу.
Тармақ 4.3.6
4.3.6. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеу, коммуникациялар салу.
Тармақ 4.3.7
4.3.7. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарға қатысу (бақташы, жылқышы).
Тармақ 4.3.8
4.3.8. Суландыру жұмыстарын жүргізу, бұлақтарды іздеу және көркейту, құдықтарды, арықтарды, арналарды жөндеу.
Тармақ 4.3.9
4.3.9. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 4.3.10
4.3.10. Өз жеке меншік ат көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.
Тармақ 4.4
4.4. Ең төменгі еңбек ақы көлемінің өзгеруімен байланысты, бір күндік еңбек ақы мөлшері де өзгеруі мүмкін.
Тарау 5. 5. Жұмыссыздарға кепілдік беру мен өтемақы төлеу
5. Жұмыссыздарға кепілдік беру мен өтемақы төлеу
Тармақ 5.1
5.1. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу іс жүзінде жұмыс істеген уақытына (орындалған жұмыс көлеміне) қарай жұмыс уақытының есебін жүргізетін тізімдік негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Жұмыс беруші жұмыссыздың еңбек ақы сомасының 10% міндетті түрде жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Тармақ 5.3
5.3. Жұмыс берушінің қаржысы есебінен жұмыссыздың еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушінің жеке еңбек шартына, шартына немесе актысына сәйкес анықталады.
Тармақ 5.4
5.4. Жұмыс берушілер техника қауіпсіздігі ережесі мен талаптарын орындау бойынша жағдай туғызуға міндетті.
Тармақ 5.5
5.5. Қоғамдық жұмысты жұмыс берушілердің қаржысымен қаржыландырған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыздың денсаулығына зақым келген жағдайда зиянды өтеу қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.