Об утверждении Перечня типов и видов организаций высшего и (или) послевузовского образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня типов и видов организаций высшего и (или) послевузовского образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование
- Атауы (қаз.)
- Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 08.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2023 184999_655055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033275
- ЭКБ идентификаторы
- 184999
- Редакция идентификаторы
- 184999_655055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:27
0 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы бірінші бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі 2023 жылғы
8 тамыздағы № 398
бұйрыққа қосымша
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі
№ р/с
Білім беру ұйымдары типінің атауы
Білім беру ұйымдары түрлерінің атауы
1.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары *
1. Институт
2. Университет
3. Академия
Ескерту
* медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясынан басқа.