Кіру
Құжат мәтініне өту

О Порядке распоряжения государственным предприятием закрепленным за ним имуществом на праве хозяйственного ведения

Қаулы · № 1163 · қабылданған 19.11.1993
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О Порядке распоряжения государственным предприятием закрепленным за ним имуществом на праве хозяйственного ведения Күшін жойған Қаулы ·№ 1163 ·19.11.1993
19.01.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Порядке распоряжения государственным предприятием закрепленным за ним имуществом на праве хозяйственного ведения

Күшін жойған Қаулы ·№ 1163 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Порядке распоряжения государственным предприятием закрепленным за ним имуществом на праве хозяйственного ведения
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1163
Қабылданған күні
19.11.1993
Көрсетілген редакция
19.01.1996 AI185_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P930001163_
ЭКБ идентификаторы
185
Редакция идентификаторы
AI185_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:42

0 Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы

Ескерту Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.19. N 71 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Меншiк туралы" және "Кәсiпорындар туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне берiлген мүлiкке шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

3 Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген мүлкiне шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 қарашадағы
N 1163 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген
мүлкiне шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету
тәртiбi туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Меншiк туралы" және "Кәсiпорындар туралы" Заңдарының негiзiнде әзiрлендi және мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлiп берiлген негiзгi қорларды сатудың, айырбастаудың, уақытша пайдалануға яки қарызға берудiң мынадай тәртiбiн көздейдi:

1. Кәсiпорын өзiне қарасты негiзгi қорларды (автокөлiк, пен негiзгi табындағы барлық түлiк түрлерiнен басқасын) басқа мемлекеттiк құрылымдарға мынадай тәртiппен:

негiзгi құралдардың бiреуiнiң баланстық құны бiр мың теңгеге дейiнгiлерiн қоса алғанда - өздiгiнен;
1 мың теңгеден жоғары, бiрақ 2 мың теңгеден аспайтын мүлiктi жоғары тұрғын ұйымның рұқсатымен;
2 мың теңгеден жоғары, бiрақ 100 мың теңгеден аспайтын мүлкi - мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен;
100 мың теңгеден жоғары мүлiктi - Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының рұқсатымен сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға, яки қарызға беруге құқылы.
Кейiн 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған лимиттердi инфляцияның жылдық индексiне байланысты жыл сайын дәлдеп отыруға жол берiледi. Мүлiктi сатудан және оның қолдан кетуiнен түскен сома кәсiпорынның қарамағында қалады және кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады.

2. Мемлекеттiк мекемелер бухгалтерлiк баланстарын негiзгi құралдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Негiзгi құралдардың (қорлардың) жарамсыз болып қалған объектiлерiн есептен шығарып тастаудың тәртiбi туралы" нұсқауының 4-тармағына сәйкес шығара алады.

20 мың теңгеден асатын мүлiк есептен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен шығарылады.

3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен:

өз қызметкерлерiне пайдалану мерзiмi бiткен автокөлiктердi;
өз қызметкерлерiне және басқа ұйымдарға негiзгi табындағы барлық түлiк түрлерiн сата алады.

4. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер азаматтарға мүлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылмайтын заңды тұлғаларға мүлiктi (автокөлiктi, табындағы барлық түлiк түрлерiн қоса) сату мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттер ұйымдастыратын аукциондар немесе коммерциялық конкурстар арқылы жүзеге асырылады. Мүлiктi сатудан түскен қаражат былайша бөлiнедi:
мемлекеттiк кәсiпорынға мүлiктi қалдық құнына сәйкес сома бөлiнедi, бұл сома оның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады;
аукциондар ұйымдастыру мен өткiзуге жұмсалған қаражат шығарып тасталғаннан кейiн қалған сома жекешелендiруден түсетiн қаражаттың арнаулы шотына аударылады.

Қолданыстағы