Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования
- Атауы (қаз.)
- Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 07.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2023 185015_647799.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033276
- ЭКБ идентификаторы
- 185015
- Редакция идентификаторы
- 185015_647799
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:28
0 Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
1 Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 396 бұйрыққа
қосымша
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруға, сондай-ақ оқуға ақы төлеу үшін қажетті төлем қабілеттілігін растауды ұсыну тәртібін көздейді, сондай-ақ оның мөлшерін айқындайды.
2 2. Осы Қағидалар этникалық қазақ болып табылатын көшіп келушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде келген тұлғаларға қолданылмайды.
3
3. Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде білім алушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар (бұдан әрі - көшіп келушілер) жатады.