Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Сырымскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Сырымскому району
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-1
- Қабылданған күні
- 09.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2023 185064_647842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23ZJ00071M
- ЭКБ идентификаторы
- 185064
- Редакция идентификаторы
- 185064_647842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:26
0 Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
шешіміне қосымша
Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың
жиналған жылдық
шамасы, м3
1
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,18
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары
1 орын
0,55
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,68
4
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,30
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,65
6
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,003
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,15
9
Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,12
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,20
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,07
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,06
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,04
14
Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңы 1 м2
0,25
15
Машиналардан сату
Сауда орнының 1 м2
-
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,25
17
Азық-түлік, өнер кәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,08
18
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,09
19
Вокзалдар, авто вокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
-
20
Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы
Жалпы алаңы 1 м2
-
21
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,7
22
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
1,35
23
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,27
24
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
-
25
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,45
26
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,17
27
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,40
28
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
1,18
29
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,12
30
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
0,16
31
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
-