Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Мойынкумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Мойынкумского района
- Атауы (қаз.)
- Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 07.08.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2023 185083_651164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23GG005071
- ЭКБ идентификаторы
- 185083
- Редакция идентификаторы
- 185083_651164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:29
0 Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2-тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91963 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. «Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142580 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының Жамбыл облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
2023 жылғы 7 тамыздағы № 196 қаулысына қосымша
Мойынқұм ауданы аумағында
стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Алатын алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері
1
Ақбақай ауылы, Қуанышбаев көшесі №1 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында
40
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Салтанат» азық-түлік дүкені
2
Ақсүйек ауылы, Балхашская көшесі №22 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында
50
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
жоқ
3
Биназар ауылдық округі, Биназар ауылы, Айтишев көшесі №7 мекенжайында орналасқан «Қасымбек қажы» мешіті ғимаратының оң жағында
5000
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Ғалымжан», «Сержан» азық-түлік дүкендері
4
Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Исабеков көшесі №1 мекенжайында орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы
2100
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Диас» азық-түлік дүкені
5
Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Танирбергенов көшесі №10 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында
500
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Ерболат», «Сағыныш», «Айым» азық-түлік дүкендері
6
Кеңес ауылдық округі, Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №39 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында
50
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Іске сәт» азық-түлік дүкені
7
Қарабөгет ауылдық округі, Қарабөгет ауылы, Сейфуллин көшесі №11 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында
2800
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
жоқ
8
Қызылотау ауылдық округі, Күшаман ауылы, Шалабаев көшесі №12 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы
1500
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
жоқ
9
Қызылтал ауылдық округі, Көкжелек ауылы, Бекқұлы би көшесі №2/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қарама-қарсы
300
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Ержан», «Светлана» азық-түлік дүкендері
10
Қылышбай ауылдық округі, Қылышбай ауылы, Көшкімбайұлы көшесі №12а мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қарама-қарсы
500
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Инабат» азық-түлік дүкені
11
Мирный ауылы, 1 ықшамаудан №14 мекенжайында орналасқан «Мирный» дүкеніне қарама-қарсы
935
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Мирный», «Алтын» азық-түлік дүкендері
12
Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы, Омаров көшесі №6 мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы
540
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Жалғас», «ТБ» азық-түлік дүкендері
13
Мыңарал ауылдық округі, Мыңарал ауылы, Садықов көшесі №23 мекенжайында орналасқан Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Мыңарал ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына қарама-қарсы
540
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Ақжолтай» азық-түлік дүкені
14
Ұланбел ауылдық округі, Ұланбел ауылы, Сейфуллин көшесі №4 мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында
720
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
жоқ
15
Хантау ауылдық округі, Хантау ауылы, Биназар көшесі №3Б мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы
450
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
«Сайлаукүл» азық-түлік дүкені
16
Шығанақ ауылдық округі, Шығанақ ауылы, Сейфуллин көшесі №1Б мекенжайында орналасқан «Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында
300
5 жыл
Бөлшек сауда (азық-түлік және (немесе) азық-түлік емес тауарлар)
жоқ