Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области применения законодательства Республики Казахстан о языках Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті:
Тармақша 1
1)осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2)осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 399 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 147 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісі (объектілері) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
Тармақша 2
2) елеусіз бұзушылық – мемлекеттік органдардың қызметінде, мемлекеттік тілге қойылатын талаптарды сақтамау бөлігінде, мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларының мәтіндерінде тілді қолдану саласындағы Заңда, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу қоғамдық қатынастарға әсер етпейді;
Тармақша 3
3) елеулі бұзушылық – мемлекеттік органдардың қызметінде тілді қолдану саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, жазбаша нысанда мәмілелер жасау кезінде мемлекеттік тілдің қолданылмауы, мемлекеттік тілдегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді материалдармен толтыру жөніндегі талаптарды сақтамау бөлігінде;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың қызметінде тілді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – жеке тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін бұзатын салдарлардың туындау мүмкіндігіне байланысты тілді қолдану саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін тілді дамыту саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын тілді қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың қызметінде тілді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін тілді дамыту саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын тілді қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 6
6) өрескел бұзушылық – мемлекеттік органдардың қызметінде тілді қолдану саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік тілде жүргізілмеуі, жеке тұлғаның өтініштеріне қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде берілмеуі, іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбауы, мемлекеттік органдардың актілерін мемлекеттік тілде әзірлеу және қабылдау жөніндегі талаптарды сақтамау, лауазымды тұлғаның мемлекеттік тiлді бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеуі, тiлдік белгілері бойынша кемсiтуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы бақылау субъектілерінде расталған шағымдар мен өтініштердің болуы бөлігінде;
Тармақша 7
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке тұлғаның заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
Тармақша 8
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
Тармақша 9
9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке тұлғаның, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәуекелдің орта дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне қатысты қолданылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын тізімдер негізінде жүргізіледі, тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерінде жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру жағдайын қоспағанда.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің), басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Тарау 2. 2-тарау. Объективті өлшемшарттар
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 6
6. Объективті өлшемшарттарды анықтау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежесіне келесі бақылау субъектілері жатады:
Тармақша 1
1) статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттаманың мемлекеттік тілде жүргізілмеу бөлігінде;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның өтініштеріне қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде берілмеу бөлігінде;
Тармақша 3
3) іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбау бөлігінде;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың актілерін мемлекеттік тілде әзірлеу және қабылдау жөніндегі талаптардың сақталмауы бөлігінде;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда жыл ішінде тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына үш және одан да көп тексеру жүргізіледі;
Тармақша 6
6) осы бақылау субъектілерінің мемлекеттік органдарының қызметіне не әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) бір жыл ішінде үш және одан да көп расталған шағым түскен;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдардың қызметінде тілді қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясымен және өзге де заңдарымен мемлекеттік органдарға жүктелген өзге де функцияларды орындауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар;
Тармақша 8
8) лауазымды тұлғаның құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды тілді білмеу себебінен мәні бойынша қарамауы;
Тармақша 9
9) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу бөлігінде;
Тармақша 10
10) жеке тұлғалардың тіл таңдаудағы құқықтарын шектеу, тілдік белгілері бойынша кемсіту. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін Өлшемшарттардың 5-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес cубъективті өлшемшарттар бойынша тиісті көздерден ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Тармақ 9
9. Субъективті өлшемшарттар келесі кезеңдерді қолдана отырып анықталады:
Тармақша 1
1) ақпараттар жинау;
Тармақша 2
2) ақпараттарды талдау және бағалау дәрежесі.
Тармақ 10
10. Ақпараттарды жинау тілдерді қолдану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған тексеру субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалауға келесі ақпараттар көзі қолданылады:
Тармақша 1
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
Тармақша 2
2) тексеру субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
Тармақша 4
4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
Тармақ 11
11. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленеді, олардың сақталмауы тіл саласындағы заңнаманың сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді. Әрбір талапқа қатысты тексеру парақтарынан бұзушылық дәрежесі: өрескел, елеулі және елеусіз болып айқындалады. Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттардағы қосымшада баяндалған.
Тармақ 12
12. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) тәуекелдің орташа дәрежесіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда.
Тармақ 13
13. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізіледі. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі: ЅРз = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,7, қайда: ЅРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны; ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны; Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі: ЅРн = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,3, қайда: ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші; ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны; Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады: ЅР = ЅРз + ЅРн, қайда: ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші; ЅРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиі емес.
Тарау 4. 4-тарау. Тәуекелдерді басқару
4-тарау. Тәуекелдерді басқару
Тармақ 15
15. Бақылаудың адал субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
Тарау 5. 5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі Бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, оларға қатысты профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Басқа 1.0. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
Қосымша Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары № Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар Бұ­зу­шы­лық дең­гейі 1. Субъ­ек­ті­ге (объ­ек­ті­ге) ал­дың­ғы тек­се­ру­лер 1 Ста­ти­сти­ка­лық-есеп, қар­жы­лық және тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гі­зіл­ме­уі өрес­кел 2 Же­ке тұл­ға­ның өті­ніш­те­ріне қай­та­ра­тын жа­у­ап­та­ры мем­ле­кет­тік тіл­де неме­се өті­ніш жа­сал­ған тіл­де бе­ріл­ме­уі өрес­кел 3 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­де мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дан­ба­уы өрес­кел 4 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тіл­де әзір­леу және қа­был­да­уы жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы өрес­кел 5 Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тiл бiл­ме­уін уәж етіп же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың құ­жат­та­рын, өті­ніш­те­рін қа­был­да­удан бас тар­туы, сон­дай-ақ олар­ды мәнi бой­ын­ша қа­ра­мауы өрес­кел 6 Де­ректе­ме­лер мен көр­некi ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік тіл­де ор­на­ла­сты­ру жөнiн­де­гi та­лап­тар­ды бұ­зу өрес­кел 7 Же­ке тұ­лға­лар­дың тiл таң­дау құқық­та­рын шек­теу, тiл­дік бел­гі­ле­рі бой­ын­ша кем­сiту өрес­кел 8 Жа­з­ба­ша ны­сан­да мәмiле­лер жа­сау ба­ры­сын­да мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ныл­мауы еле­улі 9 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да­ғы мөр­лер мен мөр­та­бан­дар мәт­ін­де­рін­де мем­ле­кет­тік ті­л­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы бол­ма­шы 2. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын, оның ішін­де мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­лер ар­қы­лы ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­рин­гі­леу нәти­же­ле­рі 1 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да­ғы шы­ғыс құ­жат­та­рын рә­сім­де­уде мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дан­ба­уы өрес­кел 3. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын тал­дау 1 Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ма­те­ри­ал­дар­мен то­лық­ты­ру бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы еле­улі 4. Рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы және са­ны 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тіл ту­ра­лы заң­на­ма­сын қол­да­ну са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рін­де рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы өрес­кел
Басқа 2. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 399 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 147 бірлескен бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы Мемлекеттік орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындайтын мемлекеттік орган ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ______________________________ cубъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тағайындау туралы акт ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ (№, күні) Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________________ _______________________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірін тексеру/ бару арқылы профилактикалық бақылау __________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы____________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Та­лап­тар тіз­бе­сі та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді 1 Ста­ти­сти­ка­лық-есеп, қар­жы­лық және тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гі­зіл­ме­уі 2 Же­ке тұл­ға­ның өті­ніш­те­ріне қай­та­ра­тын жа­у­ап­та­ры мем­ле­кет­тік тіл­де неме­се өті­ніш жа­сал­ған тіл­де бе­ріл­ме­уі 3 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­де мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дан­ба­уы 4 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тіл­де әзір­леу және қа­был­да­уы жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы 5 Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның тiл бiл­ме­уін уәж етіп же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың құ­жат­та­рын, өті­ніш­те­рін қа­был­да­удан бас тар­туы, сон­дай-ақ олар­ды мәнi бой­ын­ша қа­ра­мауы 6 Де­ректе­ме­лер мен көр­некi ақ­па­рат­ты ор­на­ла­сты­ру жөнiн­де­гi та­лап­тар­ды бұ­зуы 7 Же­ке тұ­лға­лар­дың тiл таң­дау құқық­та­рын шек­теу, тiл­дік бел­гі­ле­рі бой­ын­ша кем­сiтуі 8 Жа­з­ба­ша ны­сан­да мәмiле­лер жа­сау ба­ры­сын­да мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дан­ба­уы 9 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да­ғы мөр­лер мен мөр­та­бан­дар мәт­ін­де­рін­де мем­ле­кет­тік ті­л­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы 10 Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да­ғы шы­ғыс құ­жат­та­рын рә­сім­де­уде мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дан­ба­уы 11 Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді мем­ле­кет­тік тіл­де ма­те­ри­ал­дар­мен то­лық­ты­ру бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы 12 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тіл ту­ра­лы заң­на­ма­сын қол­да­ну са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рін­де рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы Лауазымды адам (адамдар) ______________________ ________________________ лауазымы қолы __________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы ___________________ ________________________ лауазымы қолы ______________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)