Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 16.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2023 185133_649074.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23SJ00065B
- ЭКБ идентификаторы
- 185133
- Редакция идентификаторы
- 185133_649074
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:18
0 Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне электр тораптарды жүргізу мен пайдалану (өндірістік аумаққа электрмен жабдықтау сыртқы желілерін салу) үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,3526 гектар, оның ішінде жайылымдар 0,14 гектар, жолдар 0,1878 гектар, құрылыстар 0,0248 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 5 жыл мерзімге белгіленсін.
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.