Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 6 · қабылданған 18.08.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185160/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 ·18.08.2023
23.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
18.08.2023
Көрсетілген редакция
23.02.2024 185160_686946.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NGF0006B
ЭКБ идентификаторы
185160
Редакция идентификаторы
185160_686946
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:16

0 Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 01-22/396 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1

1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.

2

2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Новоселов ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Әулиекөл
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы міндетін атқарушы
_______________ Л. Жунусова
2023 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысы
______________ А. Тайшыбаев
2023 жылғы «___» __________

Қолданыстағы