О создании республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Технический университет Ұлытау» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Технический университет Ұлытау» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 702
- Қабылданған күні
- 17.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2023 185176_649160.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000702
- ЭКБ идентификаторы
- 185176
- Редакция идентификаторы
- 185176_649160
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:16
0 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:
жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
тақырыпқа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-жолмен толықтырылсын:
«
46
«Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Жезқазған қаласы
»;
2 2) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
«5. «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».