Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 14.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2023 185221_648460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23MC00212A
- ЭКБ идентификаторы
- 185221
- Редакция идентификаторы
- 185221_648460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:22
0 Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 17 Толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 4179,3378 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2026 жылғы 12 наурызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Бейнеу ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 212 қаулысына қосымша
«Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі