Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских и пригородных сообщениях города Рудного

Қаулы · № 785 · қабылданған 18.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185252/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских и пригородных сообщениях города Рудного Қолданыста Қаулы ·№ 785 ·18.08.2023
06.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских и пригородных сообщениях города Рудного

Қолданыста Қаулы ·№ 785 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских и пригородных сообщениях города Рудного
Атауы (қаз.)
Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
785
Қабылданған күні
18.08.2023
Көрсетілген редакция
06.01.2025 185252_741895.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23NB010049
ЭКБ идентификаторы
185252
Редакция идентификаторы
185252_741895
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:15

0 Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:

1 1) қалалық қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу кезінде - 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде;

2 2) қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 12 (он екі) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 18 (он сегіз) теңге.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Рудный қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Рудный
қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 18 тамыздағы
№ 785
қаулысына
қосымша
Рудный қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

1 1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген).

2

2. Рудный қаласы әкімдігінің «Әкімдіктің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1179 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8659 болып тіркелген).

3

3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 487 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27751 болып тіркелген).

Қолданыстағы