Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации

Бұйрық · № 592 · қабылданған 22.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185313/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации Қолданыста Бұйрық ·№ 592 ·22.08.2023
26.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации

Қолданыста Бұйрық ·№ 592 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации
Атауы (қаз.)
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
592
Қабылданған күні
22.08.2023
Көрсетілген редакция
26.09.2025 185313_782847.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033321
ЭКБ идентификаторы
185313
Редакция идентификаторы
185313_782847
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:12

0 Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрілігі

0 Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылым
министрінің міндетін атқарушысы
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 592 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;

2

2) Бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб (бұдан әрі Штаб) – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия;

3 3) жауапты орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;

4 4) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустрияландырудың бірыңғай картасын сүйемелдеуді жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектісі;

5

5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6 6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;

7 7) өнеркәсіптік-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

8 8) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;

9

9) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылымдағы тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;

10

10) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры.

11 11) өтінім беруші – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2 2-тарау. Жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібі

3 3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп саласындағы жобалар қосылады.

4 4. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

1

1) бірінші кезең – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі дайындайды;

2 2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда және ұлттық институтта қарау;

3 3) үшінші кезең – Штаб отырысында жобаларды қарау.

5 5. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар жобалардың тізбесін тұрақты негізде қалыптастырады.

6

6. Жергілікті атқарушы орган жобалар тізбесін қалыптастыруға қарай әрбір жоба бойынша мынадай құжаттарды (бұдан әрі – материалдар) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар жобалар тізбесін уәкілетті органға жібереді:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспары-кестесі;

2 2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;

3 3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;

4 4) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес есептік деректерді беруге өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;

5

5) жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскесін беру қажеттілігі туындаған жағдайларда, материалдарды беру сәтінде 3 (үш) айдан кешіктірмей алынған, жобаны іске асыруға бөлінген жердің координаттары (схемасы) мен жоспарланып отырған ауданын көрсете отырып, бос жер учаскесінің болуын растайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының хатының көшірмесі қоса беріледі;

6

6) жоба іске асыру кезінде балық шаруашылығын жүргізуге, сондай-ақ аквакультураны дамытуға арналған балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені ұсыну қажеттілігі туындаған кезде, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органнан алынған, резервтегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскенің бар екенін, олардың координаттарын, орналасқан жерін, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық жобаны Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізген жағдайда тиісті резервтегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскені жобаның бастамашысына ұсынуға дайындығын растайтын хаттың көшірмесі қоса беріледі. Аталған хат өтінім берілген күнге дейін 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде алынуы тиіс.

7

7. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органнан материалдар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес олардың толықтығын тексереді. Материалдардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оларды қараусыз қалдырып, жоқ құжатты көрсете отырып, жергілікті атқарушы органға қайтарады. Жергілікті атқарушы орган қайтарылған материалдарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжатты қоса бере отырып, материалдардың толық топтамасын жібереді.
Материалдардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган олардағы мәліметтерге талдау жүргізу үшін ұлттық институтқа жібереді.

8 8. Ұлттық институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалда көрсетілген мәліметтерге талдау жүргізеді.

9 9. Материалдарда көрсетілген мәліметтердің сәйкессіздіктері анықталған не олар болмаған жағдайда ұлттық институт анықталған ескертулер және мұндай ескертулерді жою қажеттілігі бойынша ұсынымдары бар хатты жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ мәлімет үшін уәкілетті органға жібереді.

10 10. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша ескетулер болмаған жағдайда ұлттық институт ескертулердің жоқтығы туралы хатты уәкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға жібереді.

11 11. Уәкілетті орган Ұлттық институттан ескертулердің жоқтығы туралы хат алғаннан кейін жобаларды штаб отырысының қарауына шығарады, ол материалдардың түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

12 12. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Штаб отырысы өткізілетін күнді және қатысу тәсілін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органға хабарлама жібереді.

13 13. Егер Штаб мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, Штаб отырысы заңды болып саналады.

Тиісті мәселелерге жетекшілік ететін уәкілетті орган басшысының орынбасары Штаб төрағасы болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Штаб құрамына уәкілетті органның, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің өкілдері енгізіледі.
Штаб шешімдері отырысқа қатысып отырған Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оған Штаб отырысына қатысып отырғандардың барлығы қол қоюға тиіс. Штаб мүшелерінің шешімдер қабылдау кезінде тең дауыстары болады және дауыстар тең болған кезде Штаб төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

14 14. Штаб мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) жауапты органды көрсете отырып, жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;

2 2) егер жобаның осы Қағиданың 3 тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса, жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуден бас тарту туралы;

3 3) осы Қағидалардың 18 тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті органның бастамасы бойынша жобаны Бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тастау туралы;

4 4) жобаның негізгі параметрлеріне өзгерістерді бекіту туралы;

5

5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) бекітілген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда көзделген қарсы міндеттемелерді орындамаған кезде жобаның негізгі параметрлерін өзгертуден бас тарту туралы немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт немесе лицензия шеңберінде міндеттемелерді орындамау, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, егер өтініш беруші жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі ретінде алынған;

6 6) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті атқарушы органға пысықтауға қайтару туралы.

15 15. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде отырыс хаттамасының көшірмесін мониторинг мақсатында жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға жібереді.

Штаб отырысының хаттамасы жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бірыңғай индустрияландыру картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті толықтырулар енгізеді.

16 16. Уәкілетті орган жауапты органның ұсыныстары негізінде осы Қағидалардың 13 тармағына сәйкес өткізілетін Штаб отырысының қарауына шығару арқылы бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша негізгі параметрлерді өзгертуді жүзеге асырады.

Жобаның негізгі параметрлерін өзгерту қажет болған жағдайда жауапты орган жауапты органның бiрiншi басшысы немесе жетекшілік ететін орынбасары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған мұндай өзгертулер туралы ұсынысты қоса бере отырып жолдайды. Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі ретінде «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алынған қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия бойынша міндеттемелерді орындау» Индустриалды-инновациялық қызмет субъектісі ретінде Индустриалды-инновациялық жобаны іске асыру егер өтініш беруші жер қойнауын пайдаланушы болып табылса, бірыңғай индустрияландыру картасы.
Жобаның негізгі параметрлерін өзгерту индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі ретінде «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша бұрын қабылданған міндеттемелер бойынша ешқандай салдарға әкеп соқпайды. Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген индустриялық-инновациялық жобаны және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі ретінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алынған қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша міндеттемелерді іске асыру егер өтініш беруші жер қойнауын пайдаланушы болып табылса, бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын қызмет.

17

17. Жобалар бойынша ақпаратты өзектендіру мәселелері бойынша штаб отырыстарын өткізу және олар бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ индустрияландырудың бірыңғай картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен реттеледі.

18 18. Өзектендіру қорытындылары бойынша индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген жоба бойынша ақпарат өзгертілуге жатады не жоба индустрияландырудың бірыңғай картасынан шығарылады.

Өтінім беруші жобаны іске асырудан бас тартқан немесе өтініш беруші жобаны іске асыру жоспары-кестесінің іс-шараларын орындамаған жағдайларда жобалар жауапты органның бастамасы бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан шығарылады.

1 Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі

Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
1-қосымша
Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk
Әкімшілік деректер нысанының атауы: өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- ППИП
Жиілік: бір реттік
Есепті кезең: _ _ күні _ _ айы _ _ _ жыл
Ақпарат беретін тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесін қалыптастыруға қарай
р/с №
Жобаның атауы
Өтінім беруші
Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі (12 белгіде)
Құрылтайшы
Құрылтайшының атауы
ел
үлес, %
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіш коды
Жоспарланған мемлекеттік ынталандыру шаралары
Жұмыс орнының саны
Шара түрінің атауы
Шараның құндық мәні, миллион теңге
Құрылыс кезеңінде
Пайдалану кезеңінде
6
7
8
кестенің жалғасы
Жоба бойынша негізгі капиталға инвестицияның жоспарланған көлемі,
миллион теңге
Жобаны қаржыландыру көздері
Меншіктік қаражат, миллион теңге
Қарыз қаражат, миллион теңге
Бюджет қаражаты, миллион теңге
Қосымша қаржыландыру қажеттігі, миллион теңге
9
10
кестенің жалғасы
Шығарылатын тауар/көрсетілетін қызмет атауы
Жобаның қуаттылығы
Шығарылатын тауар/көрсетілетін қызмет атауы
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды (6-10 белгіде)
заттай мәнде (өлшем бірлігімен)
құндық мәнде, миллионтеңге
11
12
кестенің жалғасы
Пайдалануға беру мерзімі (жыл)
Ағымдағы жағдайы
Байланыс деректері
Ұялы телефон
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
13
14
15
Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері:
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефоны: ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:___________________________________
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға_____________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы ___________
(мөр үшін орын),
толтыру күні «__» _______ 20__ жыл
Ескерту: «Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі
көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесінің»
нысанын толтыру бойынша түсініктеме:

1 1. Нысанның 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

2 2. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі;

3 3. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі көрсетіледі;

4 4. Нысанның 4-бағанында жоба өтініш берушінің 12 белгіде Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

5 5. Нысанның 5-бағанында жоба бойынша Құрылтайшы, оның ішінде құрылтайшы(-лар) атауына, еліне және үлесіне қатысты ақпарат көрсетіледі (егер екі және одан да көп құрылтайшы көрсетілсе, ел және үлес бойынша ақпаратты әрбір құрылтайшы бойынша бөлек көрсету қажет);

6 6. Нысанның 6-бағанында жобаның іске асырылу орны бойынша Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіш коды көрсетіледі (облыс, қала/аудан, аудан/ауылдық округ/ауыл);

7 7. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандырудың жоспарланатын шаралары, оның ішінде шараның атауы (қысқаша сипаттамасы) және шараның құндық мәні (бар болған жағдайда) көрсетіледі;

8 8. Нысанның 8-бағанында құрылыс кезеңіне және пайдалану кезеңіне арналған жұмыс орындарының саны көрсетіледі;

9 9. Нысанның 9-бағанында жобаны пайдалауға бергенге дейінгі негізгі капиталға инвестициялар көлемі көрсетіледі;

10 10. Нысанның 10-бағанында жобаны пайдалауға бергенге дейінгі негізгі капиталға инвестициялар көлеміне сәйкес жобаны қаржыландыру көздері көрсетіледі;

11 11. Нысанның 11-бағанында шығарылатын тауар / көрсетілетін қызмет атауы мен әр тауар бойынша сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды 6-10 белгіде көрсетіледі;

12

12. Нысанның 12-бағанында заттай және құндық мәндегі жобаның қуаттылығы көрсетіледі (егер 11-бағанда 2 не одан да көп тауар/қызмет көрсетілген жағдайда, заттай және құндық мәндегі жобалық қуатты әр тауар бойынша жеке көрсету қажет; егер жоба қазіргі өндірісті жаңғыртуға бағытталса, онда заттай мәндегі жобалық қуатты қолда бар өндіріс көлемін еспеке алмағанда (шегергенде) мәнді көрсету қажет);

13 13. 13-бағанда жобаны пайдалануға беру мерзімі (жылы) көрсетіледі;

14 14. 14-бағанда жобаның ағымдағы жағдайы көрсетіледі (жүргізілген жұмыстардың толық сипаттамасы);

15 15. 15-бағанда жобаны іске асыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері көрсетіледі.

2 2023 жылғы 22 тамыздағы №592

Индустриялық-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
2-қосымша.

Іс-шараның атауы
Орындау мерзімі (нысанға сәйкес)
1.
2.
3.

1 1) «Ай, жыл – ай, жыл» форматында құжаттаманы әзірлеу (жобалау-сметалық құжаттама, техникалық-экономикалық негіздеме және тағы басқа);

2 2) «Ай, жыл – ай, жыл» форматында құрылыс жұмыстарын жүргізу (жаңа жобаларға міндетті);

3 3) «Ай, жыл – ай, жыл» форматында жабдықты жеткізу;

4 4) «Ай, жыл – ай, жыл» форматында жабдықты монтаждау;

5 5) «Ай, жыл – ай, жыл» форматында іске қосу-баптау жұмыстары;

6 6) «Ай, жыл» форматында пайдалануға беру (іске қосу актісін алу);

7 7) «Ай, жыл» форматында өнім шығаруды бастау;

8 8) «Жыл» форматында жобалық қуатқа шығу.

Бірінші басшы:
____________________________________________
Қолы: ______________________ (мөр орны бар болған жағдайда)
Толтырылған күні «___» ______ 20__ жыл

3 Алғашқы статистикалық деректерді таратуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі (бар болған жағдайда жобаға өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
3-қосымша
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі (бар болған жағдайда жобаға өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы)
мынадай көрсеткіштер бойынша ______________________________________
____________________________________________________________________________
жергілікті атқарушы органға, уәкілетті органға, өнеркәсіпті дамыту саласындағы
ұлттық даму институтына
__________________________________________________________________
(органдардың атауы)
алғашқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді:
1) негізгі капиталға инвестициялар көлемі;
2) орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;
3) өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің көлемі;
4) есептік кезең үшін қызметкерлердің есепті кезеңдегі орташа тізімдік саны.
Бірінші басшы:________________________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
толтырылған күні «___» ___________20__ жыл

4 2023 жылғы 22 тамыздағы №592

Индустриялық-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
4-қосымша.
Деректерді таратуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі (өтініш берушінің бланкісінде ол болған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы) (бұдан әрі – Субъект)
___________________________________________жобасы бойынша (бұдан әрі – Жоба) уәкілетті орган, жауапты орган, өнеркәсіпті дамыту саласындағы өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтына мынадай көрсеткіштер бойынша _______________________________________________
(органдардың атауы)
мынадай деректерді ашуға және пайдалануға келісім береді:
– жобаның атауы;
– жобаға өтінім беруші;
– өңір;
– заттай мәндегі қуаты;
– іске қосу жылы (жыл);
– жауапты мемлекеттік орган, холдинг;
– инвестиция көлемі (миллионтеңге);
– іске қосу кезеңіндегі жұмыс орындар саны (адам);
– мемлекеттік ынталандыру шаралары (атауы).
Бірінші басшы:____________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
толтырылған күні «___» ___________20__ жыл

5 2023 жылғы 22 тамыздағы №592

Индустриялық-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
5-қосымша.
Жобаны іске асыру шеңберінде есептер беруге өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі (өтініш берушінің бланкісінде ол болған кезде толтырылады)
______________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы) (бұдан әрі – Субъект)
__________________________________________________________
жобасы бойынша (бұдан әрі – Жоба) уәкілетті орган, жауапты орган және
өнеркәсіпті дамыту саласындағы өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының сұрауы бойынша есептік деректерді беруге келісім береді.
_______________________________________________
(органдардың атауы)
Бірінші басшы: ______________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
Толтырылған күні «___» ___________20__ жыл

Қолданыстағы