Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қаулы · № 726 · қабылданған 28.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185505/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 726 ·28.08.2023
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 726 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
726
Қабылданған күні
28.08.2023
Көрсетілген редакция
04.10.2023 185505_682090.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000726
ЭКБ идентификаторы
185505
Редакция идентификаторы
185505_682090
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:05

0 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

2 2. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне берілсін.

3 3. Мынадай акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары:

1 1) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне;

2 2) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне;

3 3) «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне берілсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
«21-208. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-209. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-210-жолмен толықтырылсын:
«21-210. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 389 және 389-8-жолдар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 393-2-жолмен толықтырылсын:
«393-2. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 395-1 және 395-2-жолдармен толықтырылсын:
«395-1. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
395-2. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 398-1-жолмен толықтырылсын:
«398-1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4 4. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 қаулысында:

1, 2 және 4-тармақтар алып тасталсын.
____________________________________________________

Қолданыстағы