О регламенте Есильского районного маслихата Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының регламенті туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде, аудандык мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының үшінші сайланған регламенті бекітілсін. (қоса берілсін)
Тармақ 2
2. 2001 жылдың 28 наурызындағы №13с-5-78 «Есіл аудандық мәслихаттың екінші сайланған регламенті туралы» Есіл аудандық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын. (2001 жылдың 10 мамырыңдағы тіркелген № 326).
Басқа 3. Есіл аудандық мәслихаттың РЕГЛАМЕНТІ
Аудандық мәслихаттың шешіміне 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 3с-3-21 «Есіл аудандық мәслихатының үшінші сайланған регламенті туралы» Есіл аудандық мәслихаттың РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 4. 1 ТАРАУ. Жалпы ережелер.
1 ТАРАУ. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат аудан халқы сайлайтын тұрғындардың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шаралардың іс жүзіне асуын анықтайтын және бақылайтын орган.
Тармақ 2
2. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны мәслихаттың сессиясы. Аудандық мәслихат қызметінің тәртібі және оның органдары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» зандарымен анықталады және осы регламентпен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың аппараты аудандық мәслихаттың және оның органдарының ұймдастырушылық, құқықтық, материалдық- техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өкілетіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тарау 2. 2 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру және өткізу тәртібі
2 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру және өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы аудандык сайлау комиссиясының төрағасымен аудандық мәслихаттың депутаттары туркелген күннен бастап 30 күн мерзімінен кешікпей Есіл аудандық мәслихаты үшін белгіленген депутаттар санының төрттен үші болғанда шақырылады. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын аумақтық сайлау сессиясының төрағасы, мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін ашып жүргізеді. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиялары, аудан мәслихатының сессиясының төрағасымен қажеттілікке қарай шақырылады, бірақ жылына төрт реттен кем емес.
Тармақ 5
5. Сессияның төағасаның кезекті сессияны шақыру туралы шешімі, оның ашылуына 15 күн қалғанға дейін көрсетілген күн тәртібімен қабылдайды. Кезекті сессияның күн тәртібі аддыңғы сессияда туындайды және бекітеді. Мәслихатта қаралатын мәселелер мәслихат сессиясының төрағасымен тұрақты және басқа комиссияларымен аудан әкімімен енгізіледі, сессияның күн тәртібіне ұсыныстар жоғарғы өкімет органдарымен, басқармалармен азамат жиналыстарының өкілдермен қоғамдық ұйымдармен сессия төрағасына ұсыныс енгізеді. Сессияның күн тәртібі, оны талқылаған кезде толықтырылады және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат сессиясы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихаттан сайланған депутаттар, соның кемінде үштен бірінің, сондай- ақ әкімінің ұсынысы бойынша сессияның аталуына бес күн қалғанда шақырылады. Кезектен тыс сессияда оның шақырылуына енгіз болған айрықша мәселелер қаралады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың сессиясының өтетін уақыты және орны туралы хабарлама оның ашылуына кемінде 10 күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия үш күн бұрын ақпараттарда жарияланады.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттарды және әкімді сессиясының ашылуынан 5 күн, ал кезектен тыс сессиясының 3 күн бұрын негізгі мәселелер бойынша шешім жобаларымен және басқа да мәслихат сессиясында қаралуға енгізілген қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі. Аудандық мәслихаттың сессиясының мәжілісі, занды егер онда жалпы сайланған депутаттар санының кешінде үштен екісі қатысса.
Тармақ 10
10. Сессияның ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ету үшін, депутаттар ішінен құрамы үш адамнан, кем емес басшысы және мүшелерінен тұратын сессия хатшылығы сайланады. Сессия хатшысы сессияға келіп түскен жазбахаттарды қарастырады, сөз сойлеуді қалайтындарды, депутаттық сұранымдарды, өткізу тәртібі мен өзге де депутаттық ықыластары бойынша ұсыныстар мен ескертулерін тіркейді және жолыққан азаматтармен жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 11
11. Сессияда талқаланатын мәселелер бойынша депутаттардан түскен ұсыныстар мен ескертпелердің толық есебі және жинақталып қорытылуы үшін, мәслихат шешімінің жобасын дайындау және нақтылау бойынша редакциялық комиссия құрылуы мүмкін. Комиссия төрағасы, комиссия мәжілісінде сайланады. Редакциялык комиссияның рөлін сессия хатшылығы да орындай алады.
Тармақ 12
12. Дауыс берудің ашық, ен құпия /нәтижесін анықтау үшін, сессия депутаттар санының ішінен есептік комиссия сайлайды. Есептік комиссия өздерінің құрамынан комиссияның төрағасын және хатшысын сайлайды. Есептік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Есептік комиссияның қызметін сессия хатшылығы да орындай алады.
Тармақ 13
13. Мәслихаттың сессиялары және оның органдарының мәжілістері, жариялы түрде және ашық сипатта өткізіледі. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үтен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі. Әкім немесе оны ауыстырушы тұлға мәслихаттың және оның органдарының кез -келген, соның ішінде жабық мәжілистеріне қатысуға құқылы. Мәслихат сессиясының төрағасының шақыруы бойынша аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалар мәслихатының құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 14
14. Аудан мәслихатының сессия жұмысы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Сессияның мәжілісі ереже бойынша таңертеңгі сағат 11 - ден басталып, түсте 30 минут үзіліспен және 1,5-2 сағаттық жұмыстан кейін 10-15 минут үзіліске шақырады. Жұмыс уақыты шектелмейді. Сессияның шешімі бойынша сессия мәжілісінің бастауы және аяқталуының басқа уақыты бекітілуі мүмкін, сондай-ақ оның жұмысында мәслихат белгілгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Сессиядағы баяндамаға 40 минут көлемінде, қысқаша баяндамаға 15 минут, жарыссөзде сөйлейтіндерге 10 минут, қайталап сөйлейтіндерге, сондай ақ сессияның жүргізуі бойынша сөйлейтіндерге, дауыс беру, себептеріне, сұрақтар ұсыныстар, хабарламалар және анықтамалар енгізуге 30 минутқа дейін уақыт беріледі. Депутаттардың көпшілігінің келісімі бойынша сессияның төрағасы сөйлеу уақытын ұзарта алады.
Тармақ 17
17. Жарыссөзе сөйлеу үшін сөз беру туралы депутаттардың және басқа сессияға қатысушылардың арыздары хатшылыққа, ал тіркеуден өткен соң сессияның төрағасына жіберіледі.
Тармақ 18
18. Депутат жарыс сөзде бір сұрақ бойынша екі реттен ғана сөйлей алады. Баяндамашыларға сұрақтар хат түрінде жіберіледі немесе орыннан қойылады.
Тармақ 19
19. Аудандық мәслихаттың сессиясына төрағалық жасаушы отырысты ашады және жабады, баяндамашыларға және сөйлеушілерге сөз береді жарыс сөзді ұйымдастырады, қаралған мәселелер бойынша депутаттардың ұсынысын дауысқа салады және ашық дауыс берудің нәтижесін жариялайды, хатшылыққа түскен депутаттардың сұрауларын, анықтамаларын, сұрақтарын арыздарын және ұсыныстарын жариялайды, депутаттардан түскен ұсыныстар сессияға төрағалық жасушымен, олардың түсу тәртібі бойынша жарияланады. Ол регламенттің сақталуын, мәжіліс залындағы тәртіпті қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Депутат төрағалық жасаушы сөз бергеннен кейін сөйлей алады. Егер сойлеуші талқыланатын тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық жасаушы талқыланатын мәселені ұстануға шақырады. Сессияда сөйлеуші жалпы қабылданған этика нормасын сақтауы керек. Осы нормалар бұзылғанда төрағалық жасауы ұсыныс жасауға құқылы. Ескерту қайталанғаннан кейін сөйлеуші сөйлеу құқысынан айырылады.
Тармақ 21
21. Егер сөйлеу үшін тіркелген депутаттар өздерінің сөйлеулеріне шектеу жасаса қаралатын мәселе бойынша жарыс сөз тоқтатылады, бұл туралы ашық дауыспен шешім қабылданады.
Тармақ 22
22. Жарыс сөзде сөйлемеген депутат өз сөзінің мәнін, хатшылыққа беруге сондай-ақ хат түрінде жазылған сессияда талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныстар және ескертулер беруге құқылы. Сөйленетін сөздің, мәтіні, сондай-ақ ұсыныстар мен ескертулер сессиясының хаттамасына кіреді, сессия шешімін жасағанда жөне қабылдағанда ескертіледі және қаралады.
Тарау 3. 3 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың сессиясының шешімін қабылджау тәртібі
3 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың сессиясының шешімін қабылджау тәртібі
Тармақ 23
23. Сессияда дауыс беру кез- келген мәселе бойынша өте алады егер оны сайланған депутаттардың жалпы санының үштен бірі талап етсе. Шешім мәслихат депутаттарының жалпы санының даусының көпшілігімен кабылданады.
Тармақ 24
24. Бір мәселеге дауыс берген кезде, әрбір депутат бір дауысқа не және оны ұсынысқа «үшін», «қарсы», «қалыс қалды» деп дауыс береді. Сессия мәжілісіне келегені туралы тіркеуден өткен депутат, бірақта, дауыс берген кезде уақытша мәжіліс залында болмағанда, немесе уақытылы дауыс беруге қатыспаса, онда оның дауысы «Қалыс қалды» деп есептеледі.
Тармақ 25
25. Ашық дауыс берудің дауыстарын есептегеннен кейін есептеу комиссиясы мәжіліс сессиясында дауыс берудің нәтижесін жариялайды. «Жақтаймын», «қарсымын», «қалыс қалған» дауыстарының санын есептегенен кейін, сессияның төрағасы шешім қабылданған, не қабылданбағаны жайлы жариялайды. Құпия дауыс берудің нәтижесін есептеу комиссиясының төрағасы баяндайды, оны сессияның шешімімен бекітіледі.
Тармақ 26
26. Сессияға қатысушы депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен келесі шешімдер қабылданады: сессияның ашылуы жөне жабылуы туралы; күн тәртібінің бекітілгені туралы; сессияның жұмыс органдарының, сайлауы туралы; жарыс сөздердің тоқтатылуы туралы; сөйленген сөздің жалғастырылуы туралы; басқа да сессияда болатын процедуралық сұрақтар бойынша
Тармақ 27
27. Сайланған депутатардың жалпы санының көпшілік дауысымен: аудандық мәслихаттың хатшысы сайланады және босатылады; тұрақты және тексеру комиссияларының, мүшелері, төрағалар сайланады және босатылады; аудандык мәслихат хатшысының өз еркі бойынша жұмыстан босатылуы туралы шешім қабылданады. Сессияда қарлатын күн тәртібінің мөселелері бойынша шешмідер қабылданады.
Тармақ 28
28. Аудандық мәслихаттың шешімі орындаушаларға мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 10 күн мерзімнен кешікпей беріледі.
Тарау 4. 4 ТАРАУ. Мәслихат сессиясының төрағасы
4 ТАРАУ. Мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 29
29. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы қызметін өзінің негізгі жұмысынан босатылмаған жағдайда жүзеге асырылады. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихат жұмысының жоспары есебімен, мәслихаттың алдынғы сессиясында сайланады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 30
30. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутатардың дауысы тең бөлінген жағдайда мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды, мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырып, онда талқыланылуға енгізілетін мәселелерді әзірлейді
Тармақ 31
31. Мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәслихаттың сессиясында қабылдаған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 32
32. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттілігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Тарау 5. 5 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың хатшысы
5 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 33
33. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады және мәслихат өкілеттілігі мерзіміне сайланады. Мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және қызметтен босатады.
Тармақ 34
34. Дауыс беру тізіміне енгізілген үміткерлер санына байланысты дауыс беру бір немесе екі турда өтеді. Егер дауыс беру тізіміне екі үміт керден көп енгізілсе және бірінші турдың нәтижесінде бірде- бір үміткер сайлану үшін қажетті дауыс жиналмаса, дауыс берудің екінші туры өткізіледі. Осыдан дауыс беру тізіміне жоғары санды вуыс жинаған екі үміткер кіреді. Дауыс беруге қатысқан үміткерлердің ішінен екінші турда депутаттар бір- біріне қатысты көп дауыс жинаған үміткер сайланды деп есептеледі.
Тармақ 35
35. Үміткерлердің аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына ұсыныу депутаттың топтармен, тұрақты комиссиялармен немесе сәйкес кепілдемелі жекелеген депутаттармен өткізіледі. Аудандық мәслихат хатшысының лауазымына үміткерлер сессиясының алдын ала болатын қызметтік бағдарламасымен баяндайды.
Тармақ 36
36. Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттілігі мерзімінен бұрын хатшының өзінің өтініші бойынша немесе депутаттардың шешімімен аудандық мәслихат сессиясында тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 37
37. Мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады; сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; депутаттарға өздерінің өкілеттіліктерін іске асыруға көмек көрсетеді; мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым- қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады; мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзгеде органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді; мәслихат аппаратының құрылым бекітуге енгізеді, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкіңмдер шығарады; мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды
Тармақ 38
38. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында мүше болуға құқығы жоқ.
Тармақ 39
39. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың тұрақты, тексеру және басқа да комиссиялары
6 ТАРАУ. Аудандық мәслихаттың тұрақты, тексеру және басқа да комиссиялары
Тармақ 40
40. Мәслихат өзінің сессиясында депутаттар саны ішінен тұрақты комиссиялар құрады, олардың саны үштен аспауы керек, қажеттілігіне қарай құрылуы, жабылуы, жаңадан құрылуы мүмкін.
Тармақ 41
41. Тізбелік және сандық құрамы мәслихат сессиясында бекітіледі. Сессияда тұрақты комиссиясының құрамы және төрағасы сайланады. Комиссия мәслихаттың алдында жылына кемінде бір рет өзінің қызметі бойынша есеп береді.
Тармақ 42
42. Тұрақты комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса заңды болып есептеледі. Тұрақты комиссиялардың қаулысы мәжелісіне қатысушылардың комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, мәжіліске қатысқан басқа тұрақты комиссиясының депутаттары кеңесші дауыс құқығын пайдаланады. Комиссияның даусы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның, төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.
Тармақ 43
43. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 44
44. Тұрақты комиссиялар мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез- келген мәселе бойынша мәслихатқа ұсыныс енгізуге, өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалармен, қосымша баяндамалар ұсынуға, өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тындау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге құқылы.
Тармақ 45
45. Комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін- өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар әкімдік, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы органдардан өздерінің құзыреті бойынша ақпаратты сұрауға құқылы.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша, осы комиссияның кеңейтілген мәжілісінде көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тармақ 48
48. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттілігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды және өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Сессияда аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп қаралғанда, тексеру комиссиясы қысқаша баяндама ұсынады
Тармақ 49
49. Тексеру комиссиясы кез- келген уақытта өз қалауы бойынша жылына кемінде бір рет тексеріс жүргізеді. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының, не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай- ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзгеде жағдайларға сәйкес жүргізілуі мүмкін. Комиссия жұмысына мәслихаттың депутаты болып табылмайтын тұлғалар тартылуы мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімдікке хабарлайды.
Тармақ 50
50. Мәслихаттың қызырына жатқызылған мәселелерді, сессияларға қарауға әзірлеу мақсатында, не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін мерзімдерін және құқықтарын, мәслихат оларды құру кезінде белгілейді. Уақытша комиссиялар өз қызыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тарау 7. 7 ТАРАУ. Мәслихаттың депутаты
7 ТАРАУ. Мәслихаттың депутаты
Тармақ 51
51. Мәслихат депутаттарының өкілеттілігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттілігі тоқтатылған кезден бастап жойлады.
Тармақ 52
52. Депутат сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға құқылы. Мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіліктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын қадір қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі. Депутат мәслихат жұмысында және олар құрған органдарда оның белсенді қатысуын қамтамасыз етуге барлық құқыққа ие. Мәслихаттың және оның органдарының алдында жауапты, олардың тапсырмаларын орындайды. мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларына және өзгеде органдарда қарау үшін мәселелер ұсыныуға тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдармен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолдамалар жіберуге, тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға орналасқан жергілікті атқарушы органмен ұйымдардың лауазымды адамдарының есептерін тыңдау туралы ұсыныстар бере алады.
Тармақ 53
53. Депутат мәслихатының және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына катысуға міндетті. Сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті. Өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оны тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға міндетті.
Тармақ 54
54. Мәслихат депутатының өкілеттілігі депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 55
55. Саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутат біріктіруге тиіс, тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады. Сессия қарсаңында депутат топтарының мүшелері күн тәртібі бойынша ұсынысты, шешімнің жобасын, басқада талқылауға енгізілетін құжаттарды өндіру мақсатында кеңесуі мүмкін. Шешімдердің балама жобаларын сессия жұмысының басталуынан 20 күн бұрын енгізу керек. Сессияда үндеу жасау және жолданылатын мәселе бойынша өз көзқарасын мәлімдеуі мүмкін. Оз партиясының мүдделерін және сайлаушылардың және өзінің өкілеттілігін іске асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», саяси партиялар туралы заңдарға және осы регламентке сәйкес іске асырылады.
Тармақ 56
56. Сессия тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың басқа органдарының мәжілістері өтетін кезенде депутатты уақытша өкілеттілігі іске асырылғанда, депутат негізгі қызметтік міндеттерді орындаудан босатылады. Сессияда өткен мерзімге, жолда өткен уақытпен қоса, іс сапарлық шығындар өтеледі.
Тарау 8. 8 ТАРАУ. Сессияға енгізілген мәселерді қару
8 ТАРАУ. Сессияға енгізілген мәселерді қару
Тармақ 57
57. Әкімдік аудандық мәслихатқа сессияға енгізілген жоспарларды, ауданның экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, бюджетті, олардың орындалуы бойынша есептерді аудандық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларына кезекті сессия жұмысынан кемінде екі жұмы бұрын олармен алдын ала танысу және дайындалу үшін, солар бойынша қорытынды жасау үшін, тасырады.
Тармақ 58
58. Тұрақты және тексеру комиссиялары сессия қарсаңында экономикалық реформа, бюджет, салық және қаражат мәселелері бойынша комиссияға жылдық бюджеттің қалыптасуы бойынша ұсыныстарын, қорытындаларын енгізеді. Сессияда қарлатын барлық материалдар екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізіледі.
Тармақ 59
59. Аудандық бюджеттің жоспар жобалары және экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары олардың орындалуы туралы есеп және басқада мәселелердің комиссия мәжілістерінде қаралғанан кейін, аудандық мәслихат сессиясының талқылауына ұсынылады. Осылар бойынша сәйкес шешімдер қабылданады.
Тарау 9. 9 ТАРАУ. Аудаңдық мәслихаттың бақылау өкілеттілігін іске асыру
9 ТАРАУ. Аудаңдық мәслихаттың бақылау өкілеттілігін іске асыру
Тармақ 60
60. Аудандық мәслихат тікелей және олар құратын органдар арқылы мәслихат құзыретіне берілген ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы, аудан бюджеті және басқа да сұрақтардың жоспарларының орындалуына бақылауды іске асырады.
Тармақ 61
61. Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңына сәйкес, аудан әкімдігі аудандық мәслихаттың алдында ауданның экономикалық әлеуметтік даму бағдарламасының және жоспарының орындалуы туралы және жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп береді.
Тармақ 61-1
61-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Мәслихат алдында әкімдердің есебі туралы» Жарлығына сәйкес жартыжылда реттен сирек емес әкімдердің жүктелген міндеттер мен тапсырыстарды орындау туралы есебі тыңдалады. Есептің нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Тармақ 62
62. Аудандық мәслихаттың депутаттары мәслихаттың құзырына енетін мәселелер бойынша мәслихат аумағына сәйкес орналасқан жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға сұраулармен баруға және оларды бақылауға құқылы. Сұраулар сессияға хат немесе ауызша түрде енуі мүмкін, хат түрінде енгізілген сұрау сессияда оның төрағасымен немесе оны енгізген депутатпен жарияланады. Мәслихат сессиясында сұрау бағытталған атқарушы орган, лауазымдық тұлға ол бойынша ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті. Жазбаша жауап мәслихат бекіткен мерзім ішінде беріліп, бірақ кемінде бір ай ішінде және сессияда жарияланады. Сұрауға берілген жауап бойынша жарыс сөз ашылуы мүмкін. Оны берген депутат, сұрауға берген жауапқа өз қарасын айтуға құқылы. Сұрауға берген жауап бойынша шешім қабылданады. Мәслихаттың аудандық хатшысы түскен сұраулар мен үндеулерді қарауға бақылау жасайды.
Тармақ 63
63. Сессияның күн тәртібі бойынша анықталады, оны мәжіліс соңында сұраулармен сұрақтар беру үшін уақыт резерві алдын ала қарастырылуы керек.
Тармақ 64
64. Депутаттардың сессияда немесе хат түрінде хатшылыққа, сессияға төрағалық жасаушыға берген ұсыныстар және ескертулер, ойлар, аудандық мәслихат сессиясында қаралады немесе сәйкес органдармен, лауазымды тұлғалардың қаралуына бағытталады.
Тармақ 65
65. Аудандық мәслихат атқарушы органдардың есеп берулерін қарайды, орындалмаған жағдайда сәйкес органдарға мемлекеттік органдардың сондай-ақ ұйымдардың лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы шешімін енгізеді. Қаралған ұсыныстың нәтижелері аудандық мәслихатқа бірай мерзімінен кем емес уақытта хабарлануы керек.
Тармақ 66
66. Аудандық мәслихат аппараты депутаттық бөлмеде үкімет Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, сондай-ақ аудандық мәслихаттың және оның органдарының хаттамаларын депутаттарды таныстыру үшін жинайды.
Тарау 10. 10 ТАРАУ. Соңғы ереже.
10 ТАРАУ. Соңғы ереже.
Тармақ 67
67. Мәслихаттың қызметін қамтамасыз етудің, мәслихат аппараттарының құрылымының шығыны және оның ұстау және материалдық- техникалық қамтамасыз ету шығыны белгіленген заңды лимит саны және бөлінген ақша көлемінде мәслихат сессиясында бекітіледі.
Тармақ 68
68. Депутаттарға мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, техникалық және басқа қызмет көрсетулер, аудандық мәслихат аппаратымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 69
69. Сессия жұмысы кезінде, осы регламентке тұрақты комиссиялардың алдын- ал қарауынсыз, олардың қорытындысыз және белгіленген ереже бойынша регламентке өзгеріс енгізуге, оның жекелеген талаптарының уакытша тоқталуы туралы шешім қабылданып өзгеріс енгізілмейді.
Тармақ 70
70. Қазақстан Республикасының конституциясына және заңына сәйкес емес процедуралық әрекет және аудандық мәслихаттың шешімі мәслихаттың өзімен немесе соттық тәртіпте күшін жояды
Тармақ 71
71. Осы регламент 2004 жылдың 1 қаңтарынын бастап күшіне енеді.