Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Ұлытау

Қаулы · № 47/01 · қабылданған 24.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185571/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Ұлытау Қолданыста Қаулы ·№ 47/01 ·24.08.2023
24.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Ұлытау

Қолданыста Қаулы ·№ 47/01 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Ұлытау
Атауы (қаз.)
Ұлытау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47/01
Қабылданған күні
24.08.2023
Көрсетілген редакция
24.08.2023 185571_651757.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23H0004420
ЭКБ идентификаторы
185571
Редакция идентификаторы
185571_651757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:09

0 Ұлытау облысының

облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлытау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлытау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

Ұлытау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 24 тамыздағы
№ 47/01
қаулысына қосымша
Ұлытау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ұлытау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13-бабының 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес әзiрленген.

2 2. Осы қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:

1

1) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi.

2 2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

3 3. Ұлытау облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:

1 1) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың әкімшілік орталықтарын облыс, аудан орталықтарымен және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;

2 2) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

4 4. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің атқарушы органдары бекітеді.

5 5. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Ұлытау облысы әкімдігінің атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.

6 6. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.

7

7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.

Қолданыстағы