Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Ұлытау

Қаулы · № 40/02 · қабылданған 31.07.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185610/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Ұлытау Күшін жойған Қаулы ·№ 40/02 ·31.07.2023
29.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Ұлытау

Күшін жойған Қаулы ·№ 40/02 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Ұлытау
Атауы (қаз.)
Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/02
Қабылданған күні
31.07.2023
Көрсетілген редакция
29.07.2024 185610_713618.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23H004002A
ЭКБ идентификаторы
185610
Редакция идентификаторы
185610_713618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:37

0 Ұлытау облысының

білім беру ұйымдарының ішкі
тәртіптемесінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының қоса беріліп отырған ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қолдансын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ұлытау облысының Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

Ұлытау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «___» _______
№_____қаулысына қосымша
Ұлытау облысының Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің
үлгілік қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

2 2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту барысында бірыңғай көзқарастарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

3 3. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленеді.

4

4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымының әкімшілігі, білім беру ұйымының қызметкерлері, сондай-ақ білім алушылары және тәрбиеленушілерінің білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен өздеріне жүктелген міндеттердің сақталуын қамтамасыз етеді.

2 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

5 5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:

білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
білім беру ұйымының қызмет режимі (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәуліктік болуы, олардың белгілі уақыт ішінде болуы, оқу сабақтарының ауысымдығы мен білім беру ұйымының жұмысының өзге ерекшеліктері), жұмыс уақытының және педагогикалық және басқа қызметшілердің демалыс уақытының режимі;
білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.

6 6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы