Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мониторинга по итогам приема в организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Бұйрық · № 271 · қабылданған 25.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185661/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мониторинга по итогам приема в организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 271 ·25.08.2023
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мониторинга по итогам приема в организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 271 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мониторинга по итогам приема в организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования
Атауы (қаз.)
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
271
Қабылданған күні
25.08.2023
Көрсетілген редакция
30.04.2025 185661_762050.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033355
ЭКБ идентификаторы
185661
Редакция идентификаторы
185661_762050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:07

0 Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

0 Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 271 бұйрығына
қосымша
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторингті (бұдан әрі – мониторинг) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), өңірлік білім басқармалары, денсаулық сақтау басқармаларымен (бұдан әрі - басқармалар) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізеді.

2 2-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібі

3

3. Министрліктер және (немесе) басқармалар мониторингті жүргізу үшін Министр және басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейінгі мерзімде ресімделетін шешім қабылдайды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Мониторинг қабылдаудың нақты жыл үшін жүргізіледі. Мониторинг жүргізу мерзімдері 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

4 4. Мониторингті жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, құрамы Министрдің және (немесе) басқарма басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

Комиссияның құрамы төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.
Комиссия құрамына Министрліктің, басқармалардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, колледждердің, мектептердің өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады.
Комиссияны Министрлік, басқарма қызметкерлерінің арасынан тағайындалған жетекші басқарады.

5

5. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы мониторингті жүргізу үшін қолайлы жағдайды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізуге ақпараттарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

6 6. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы комиссия мүшелеріне ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

7 7. Комиссия мониторинг нәтижесі бойынша мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы қазақ немесе орыс тілдерінде 2 (екі) данада әзірлейді, оған комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады.

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтамаға растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

8 8. Комиссия орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысына мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы таныстыру үшін және қол қою үшін ұсынады, ол орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының мөрімен куәландырылады.

Мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманың бір данасы комиссия жетекшісінде, ал екіншісі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында болады.

9

9. Мониторинг нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ескертулерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім басқармасына мониторинг аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ескертулерді жою туралы есепті ұсынады.

10 10. Мониторинг нәтижелері жетекшілік ететін вице-министр және (немесе) басқарма басшысы орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысында қарастырылады.

Қолданыстағы