Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 828 · қабылданған 28.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185682/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 828 ·28.08.2023
28.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 828 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
828
Қабылданған күні
28.08.2023
Көрсетілген редакция
28.08.2023 185682_652838.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23B0000828
ЭКБ идентификаторы
185682
Редакция идентификаторы
185682_652838
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:05

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Диагностикалау картасына көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностикалау жүргізген ӘПО әскери қызметшісі қол қояды және көлік құралы иесінің өкіліне беріледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) механикалық көлік құралы – мопедтерді, электр самокаттарды, шағын электр көлік құралдары мен рельсте жүретін көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көлік құралын тіркеу үшін ӘПО-ға қарап-тексеруге беруге кедергі келтіретін мән-жайлар бар болған кезде көлік құралының нақты болу орны бойынша жасалған, ӘПО әскери қызметшісінің қолы қойылып, мөрмен расталған қарап-тексеру актісін ұсынуға жол беріледі. Қарап-тексеру актісінің жарамдылық мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ұсынылған құжаттарды, МТНБ-ны қолдан жасау белгілері, зауыттық таңбалауды өзгерту, нөмірлік агрегаттардың ұсынылған құжаттарға немесе тiркеу деректерiне сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ көлiк құралының (нөмірлiк агрегаттардың) немесе ұсынылған құжаттардың iздеуде екенi туралы мәліметтер бар болған кезде ӘПО әскери қызметшісі көлік құралдарын ұстайды, ал құжаттар тиісті қылмыстық қудалау органдарына беріледі.
Осындай жағдайда тіркеу әрекетін жүргізу процестік шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Диагностикалау картасы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «28» тамыз
№ 828 бұйрығына
1-қосымша
Әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық
қарап-тексеруден өткізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Диагностикалау картасы
_____________________________________________________________________________
Диагностикалау пунктінің атауы (әскери бөлім, мекеме)
_____________________________________________________________________________
Диагностикалау картасының №
_____________________________________________________________________________
Ағымдағы техникалық қарап-тексерілген күні (бұдан әрі – ТҚ)
_____________________________________________________________________________
Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі
_____________________________________________________________________________
Маркасы, үлгісі
_____________________________________________________________________________
Көлік құралын (бұдан әрі – КҚ) тіркеу туралы куәліктің сериясы, №
_____________________________________________________________________________
Паспорт-формулярдың сериясы, №
_____________________________________________________________________________
КҚ типі, түрі
_____________________________________________________________________________
Қозғалтқыш №
_____________________________________________________________________________
Шасси №
_____________________________________________________________________________
Шанақ №
_____________________________________________________________________________
Шығарылған жылы
_____________________________________________________________________________
Пайдаланылғаннан бастап жүрген жолы, км
_____________________________________________________________________________
Отыратын орын саны (жеке құрамды жеткізуге арналған автобустар мен техника үшін)
_____________________________________________________________________________
Қозғалтқыш көлемі, см3 (жеңіл КҚ үшін)
_____________________________________________________________________________
Жүк көтергіштігі (жүк КҚ үшін)
_____________________________________________________________________________
Есепке алынған орны (гарнизон, әскери бөлім, бағыныстылық)
_____________________________________________________________________________
(Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
_____________________________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген күні, сериясы, нөмірі
_____________________________________________________________________________
Топ ата­уы
Кон­струк­ция па­ра­мет­рі­нің, құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің неме­се қо­сым­ша құ­ры­л­ғы­лар­дың ата­уы
Көр­сет­кіш
Ди­а­гно­сти­ка­ла­уды жүр­гіз­ген адам­ның қо­лы
Те­же­гіш жүй­е­сі
Те­же­гіш жүй­е­сі­нің (за­қым­да­ну) бөл­шек­те­рі
Тұ­рақ те­же­гі­ші­нің ти­ім­ді­лі­гі
Те­же­гіш же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
Стенд­тен тыс жағ­дай­да тек­се­ру ке­зін­де­гі те­же­гіш жо­лы, метр
Бел­гі­лен­ген бә­сең­деу, м/с2
Те­же­гіш жүй­е­сі­нің іс­ке қо­сы­лу уа­қы­ты, се­кунд
Руль­мен бас­қа­ру
Ди­на­мо­метр шәкі­лі бой­ын­ша күш, кг/сек
Руль дөң­ге­ле­гін­де­гі жиын­тық люфт, гра­дус
Руль­мен бас­қа­ру жай-күйі (қа­на­ғат­та­нар­лық/қа­на­ғат­тан­ғы­сыз)
Жа­рық ас­пап­та­ры
Сырт­қы жа­рық ас­пап­та­ры­ның стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі
Фа­ра­ны ор­на­ту би­ік­ті­гі, мм
Тік жа­зық­тық­та­ғы жа­рық шо­ғы­ның еңіс бұ­ры­шы, гра­дус
Экран бой­ын­ша шоқ­тың фа­ра ор­та­лы­ғы кес­кі­ні­нен жа­рық-кө­лең­ке­лі ше­ка­ра­ға дей­ін­гі ара­лы­ғы, мм
Жү­ріс бө­лі­гі:
Кар­дан бі­лі­гі (бе­кіт­пе­нің за­қым­да­нуы)
Ілі­ніс (ақа­у­сыз)
Тар­ту-ілу құ­ры­л­ғы­сы, (ақа­у­сыз)
Дөң­ге­лек (бе­кіт­пе­нің за­қым­да­нуы)
Ши­на (өл­ше­мі, про­тек­тор су­ре­ті­нің қал­ға­ны, мм)
Әй­нек та­за­ла­ғыш, әй­нек жу­ғыш
Әй­нек та­за­ла­ғыш, әй­нек жу­ғыш (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
Қоз­ғалт­қыш және оның жүй­е­ле­рі:
Отын жүй­е­сі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
Отын ба­гы (стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі)
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дың уыт­ты­лы­ғы
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дың тү­т­ін­де­уі
Кон­струк­ци­я­ның өзге де эле­мент­те­рі:
Арт­қы кө­ру ай­на­сы (стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі)
Ауа ма­но­мет­рі (ақа­у­сыз)
Спи­до­метр (ақа­у­сыз, плом­ба­ның бо­луы)
Ра­дио­қа­был­да­ғыш ке­дер­гі­ле­рін ба­су­ға ар­нал­ған ке­рек-жа­рақ (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
Есік­тер­дің құл­пы, ды­быс сиг­на­лы, ава­ри­я­лық шы­ға­тын есік, жүр­гі­зу­ші орынды­ғын ме­ха­ни­ка­лық рет­теу, қа­уіп­сіз­дік бел­ді­гі, кір­ден қор­ғай­тын жап­қыш, ава­ри­я­лық тоқ­та­ту бел­гі­сі, өрт сөн­дір­гіш, дә­рі қоб­ди­ша (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Әскери полиция әскери қызметшісінің қорытындысы:__________________________________
Ескертпе: _______________________________________________________________________
Әскери полиция әскери қызметшісі ________________________________________________:
(гарнизонның)
_____________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

2 № ____көлік құралын қарап-тексеру актісі 20__ ж. «___»___________

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «28» тамыз
№ 828 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
№ ____көлік құралын қарап-тексеру актісі
20__ ж. «___»___________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі __________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) _________________________________________
Маркасы, моделі __________________________________________________
КҚ типі __________________________________________________________
КҚ түрі ______________________ КҚ санаты___________________________
Шығарылған жылы ________________ Шасси (рама) нөмірі ______________
Шанақ нөмірі _____________________________________________________
Қозғалтқыш нөмірі ________________________________________________
Түсі _____________________________________________________________
Сериясы ________ № _______________________________________________
(тіркеу құжаты)
Сериясы _______ № ________________________________________________
(паспорт (формуляр)
Тиесілігі _________________________________________________________
(әскери бөлім, мекеме)
Көлік құралын қарап-тексеруге берген лауазымды адам _________________
_________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Қарап-тексеруді жүргізген әскери полицияның уәкілетті әскери қызметшісі
_________________________________________________________________
(қарап-тексеруді жүргізген әскери қызметшінің лауазымы, әскери атағы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Техникалық ақаулық анықталды _____________________________________
_________________________________________________________________
Автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізілді: ______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Көлік құралының техникалық жай-күйі туралы қорытынды:_____________
_________________________________________________________________
(қарап-тексеруді жүргізген әскери қызметшінің қолы)
М.О.

Қолданыстағы