О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 673
- Қабылданған күні
- 01.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 185692_650851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033368
- ЭКБ идентификаторы
- 185692
- Редакция идентификаторы
- 185692_650851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:59
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 673 Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1 1. «Көлік оқиғасының схемасын және олардың үлгілік нысандарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлік оқиғасының схемасын және олардың үлгілік нысандарын жасау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көлік оқиғасының сызбасы осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалады және оған оны жасаған лауазымды адам, жүргізушілер, көлік оқиғасына қатысушылардың талабы бойынша куәгерлер қол қояды..».
2 2. «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырда № 233 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7031 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдағыш-таратушыларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орны Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады».
3 3. «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібі қағидаларында:
28-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».
4 4. «Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7415 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
6-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекітілген немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған қамауға алу туралы қаулысы (әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін)»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».
5 5. «Қоғамдық бақылау комиссияларының ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 мамырда № 312 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743 болып тіркелді):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық бақылау комиссияларының Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне бару қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық бақылау комиссиялары (бұдан әрі - ҚБК) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 8-тарауына сәйкес құрылады.».
6 6. «Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсанда №1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15011 болып тіркелген):
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 15-тармағының 132-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Айдауылдануға жататын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусым № 488 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес айдауылданушы кететін ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі жолға шығу жолымен тамақпен және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етумен қамтамасыз етеді.»;
18-тармақтың 6-тармақшасымен толықтырылсын:
«6) Қаруды ерекше қажеттіліксіз қапшықтан алуға, оны қаруды сақтау үшін көзделмеген орындарға шығаруға, сондай-ақ тікелей басшыны қоспағанда, басқа адамдарға беруге.».
7
7. «Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыптаушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурызда №166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15011 болып тіркелген):
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 15-тармағының 133-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
8 8. «Ішкі істер органдарын уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16389 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарын уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 488 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды заттай тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Күдіктілер мен айыпталушыларға осы Қағидалардың 65-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарды қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша азық-түлік өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алу құқығы беріледі».
76 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар цензураға жатпайды және дереу мөрленген түрде адресатқа жіберіледі.».