Об установлении способов приема заявок и обеспечения кредитов, размера софинансирования, категорий претендентов в рамках микрокредитования на возвратной основе через поверенного (агента)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении способов приема заявок и обеспечения кредитов, размера софинансирования, категорий претендентов в рамках микрокредитования на возвратной основе через поверенного (агента)
- Атауы (қаз.)
- Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдерін, қоса қаржыландыру мөлшерін, үміткерлер санаттарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 368
- Қабылданған күні
- 05.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2023 185821_651361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23N0010054
- ЭКБ идентификаторы
- 185821
- Редакция идентификаторы
- 185821_651361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:57
0 Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдерін, қоса қаржыландыру мөлшерін, үміткерлер санаттарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 66-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері, қоса қаржыландыру мөлшері, үміткерлер санаттары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалылуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері, қоса қаржыландыру мөлшері, үміткерлердің санаттары
Қостанай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 368 қаулысына
қосымша
Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері, қоса қаржыландыру мөлшері, үміткерлердің санаттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері, қоса қаржыландыру мөлшері, үміткерлердің санаттары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 66-тармағына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру шеңберінде әзірленді.
2 2. Өтінімдерді қабылдау және кредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері
2
2. Қағидалардың 6-қосымшасында айқындалған микрокредит алу үшін құжаттар топтамасын қабылдауды сенім білдірілген өкіл (агент) аудандардың, шағын қалалардың, ауылдық елді мекендер мен Аркалық қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері арқылы қағаз және/немесе электрондық форматта жүзеге асырады.
3 3. Микрокредит алу үшін өтініш-сауалнаманың нысаны сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі нормативтік құжатымен бекітіледі.
4 4. Микрокредиттің қайтарымдылығы кепілмен қамтамасыз етіледі.
Кепілдің мәні кез-келген мүлік, оның ішінде мүліктік құқық болуы мүмкін.
5 5. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепілге қойылатын талаптар қолданыстағы азаматтық заңнамамен және тапсырма шартымен айқындалады.
3 3. Қоса қаржыландыру мөлшері
6
6. Егер бизнес-жобаны іске асыру үшін сома Қағидалардың 66-тармағында белгіленген ең жоғары сомадан жоғары болса немесе кредит сомасы бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті сомадан аз болса, қатысушы микрокредиттеу мақсаттары үшін бірлесіп қаржыландыруға өз қаражатын (ақшалай қаражатпен) пайдалануға құқылы.
Бұл ретте, қоса қаржыландыру мөлшері кемінде 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті құрайды және 8 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды.