Об утверждении перечня национальных компаний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня национальных компаний
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 16.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2011 AI18600_30.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000182_
- ЭКБ идентификаторы
- 18600
- Редакция идентификаторы
- AI18600_30
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:28
0 Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.
3 Ұлттық компаниялардың тiзбесi
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 182 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
1 1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2 2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ
3 3. "Қазпочта" ААҚ
4 4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
5 5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
6 6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
7 7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
8
9 9. "Қазақтелеком" ААҚ
10
11 11. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" ААҚ
12 12. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" ААҚ
13 13. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
14 14. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
15 - 21. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.10 № 185 Қаулысымен.
22 22. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ
23 23. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
24 - 39. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 266 Қаулыcымен.