Об утверждении Правил ведения государственного лесного кадастра и государственного мониторинга лесов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения государственного лесного кадастра и государственного мониторинга лесов
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 17.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2012 AI18611_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000188_
- ЭКБ идентификаторы
- 18611
- Редакция идентификаторы
- AI18611_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:28
0 Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiліп отырған:
1 1) Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу ережесi;
2 2) Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы N 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 560-құжат);
2 2) "Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйесi мониторингiн жүргiзудiң құрылымы, мазмұны және тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 қазандағы N 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 42, 496-құжат).
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
8 Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 188 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
2 2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлiгi болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органмен (бұдан әрi - уәкілетті орган) және оның аумақтық органдарымен бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзіледi.
3 3. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады.
4 4. Жекеше орман иеленушілер уәкілетті органға мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет материалдарды (түсіндірме жазба қоса тіркелген статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен № 1 нысан бойынша «Орман қорының мемлекеттік есебі») уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес береді.
5
5. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимiн, оны орман иеленушілерiне бөлудi, орман қорының сандық және сапалық жай-күйін, мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнiндегi мәлiметтер жүйесiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн қажетті орман қорының экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы басқа да деректердi қамтиды.
Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткіштерінiң тiзбесін және ормандардың экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкілеттi орган айқындайды.
6 6. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
2 2. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi
7 7. Мемлекеттік орман кадастры орман орналастыру жұмыстарына толық циклын жүргiзу, орман қорының мемлекеттiк есебi материалдарының және орман қоры туралы мәлiметтердi қамтитын басқа да есепке алу құжаттарының негiзiнде жасалады.
8 8. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi:
есептi жылдан кейiнгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ағымдағы өзгерiстер мен орман қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi орман кадастрының материалдарына енгізедi;
есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтарға дейiн орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ведомстволық тегiне қарай уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) немесе орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды қайта өндiру және өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдарға (бұдан әрi - облыстық атқарушы органдар) бередi.
9 9. Орман шаруашылығы саласындағы аумақтық және облыстық атқарушы органдар жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде, түсiндiрме жазбалары бар жиынтық есептемелер әзiрлеп, оларды уәкілеттi органға жолдайды.
3 3. Қорытынды ереже
10
10. Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзумен және мемлекеттiк орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда орманды жерлердi ормансыз жерлерге көшiру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн алу, орманды пайдалану үшін төленетін ақы мөлшерін айқындау, орманды пайдаланушылар мен орман иеленушілердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
11 11. Мемлекеттiк орман кадастры ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдаланып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде жүргiзiледi.
23 Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 188 қаулысымен
бекiтiлген
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Ереже).
2
2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әртүрлілігi мен экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін бақылау, бағалау және болжам жасау жүйесi болып табылады.