О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 11.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2023 186136_654355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23P0000003
- ЭКБ идентификаторы
- 186136
- Редакция идентификаторы
- 186136_654355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:52
0 Павлодар облысының кейбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Ақсу қаласының «Алғабас» ауылдық округі «Қанаш Қамзин» ауылдық округі және «Жолқұдық» ауылы «Қанаш Қамзин» ауылы болып қайта аталсын;
Успен ауданы Ольгин ауылдық округі «Ольгин» ауылы «Қызылағаш» ауылы болып қайта аталсын.