Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества сел, поселков и сельских округов Зерендинского района Акмолинсой области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества сел, поселков и сельских округов Зерендинского района Акмолинсой области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының жекелеген жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10-67
- Қабылданған күні
- 18.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2023 186173_653855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23BN01067M
- ЭКБ идентификаторы
- 186173
- Редакция идентификаторы
- 186173_653855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:46
0 Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының жекелеген жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылдың 23 маусымындағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың жекелеген жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Зеренді ауданының ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының жекелеген жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
3 Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының жекелеген жиындарын өткізу қағидалары
Зеренді аудандық маслихатының
2023 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 10-67 шешіміне
қосымша
Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтарының жекелеген жиындарын өткізу қағидалары
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда: