Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия туралы" N 192 (мемлекеттік тіркеу N 2307) қаулысына сәйкес және ауданда авариялардан, апаттардан және басқа да стихиялардан болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды, бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы от 23.01.2004 г. № 18 (Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы)
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын және оның құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Вячеслав Васильевич Пурахинге жүктелсін.
Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 қаңтардағы
N 18 қаулысымен бекітілді
N 1 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және авариялар, зілзала және басқа да оқиғалардың салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөнінен ұсыныстар дайындау мақсатында құрылды.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын, төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттіктің бұйрықтары мен қаулыларын, басқа нормативтік құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия өз құзырын ауданның атқарушы органдарымен және меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындармен, мекемелермен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырады.
4. Комиссияға аудан әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
5. Комиссияның негiзгi мiндетi мыналар жөнінен ұсыныстар дайындау болып табылады:
1) авариялардан, зiлзалалардан, басқа да құбылыстардан болған төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою төңiрегiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiнен;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың күштерi мен құралдарын құру және дамыту төңiрегiнде бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу жөнiнен;
3) тұрғындар мен аудан аумағын авариялар, зiлзалалар мен басқа да оқиғалардан болған төтенше жағдайлардан қорғау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шараларды қалыптастыру жөнiнен;
4) төтенше оқиғалар кезiндегi әрекет пен алдын алу жүйесiн алдағы уақытта да дамыту жетiлдiрудiң басты бағыттарын анықтау жөнiнен;
5) жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен басқармалардың авариялар, зiлзала мен бағытсыз жағдайлар салдарынан жапа шеккен, сондай-ақ төтенше оқиғаларды жоюға қатысқан азаматтарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық сауалту жөнiндегi әрекетiн үйлестiру жөнiнен.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия құқылы:
1) жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, басқармалардың төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою төңірегiндегi әрекетiн үйлестiру жөнiнен ұсыныстар енгiзуге;
2) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобасын дайындауға қатысуға;
3) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелердiң лауазымдық тұлғаларын тыңдауға;
4) жергiлiктi атқарушы органдар, басқармалар мен мекемелердiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою сұрақтары жөнiндегi бағдарламаларды орындауының талдауын жүргiзуге, оның iшiнде бағдарламалық шаралардың орындалуына бюджеттен бөлiнетiн қаржылардың жұмсалуына да талдау жасауға;
5) төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою сұрақтары жөнiнен аналитикалық, эксперттiк және басқа да жұмыстарды орындау үшiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын тартуға (олардың басшыларымен келiсе отырып).
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның хатшысына жүктеледi.
8. Комиссия өз қызметiн төраға бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
9. Комиссия отырыстары қажетiне қарай әр тоқсанда бiр реттен өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
10. Аудан әкiмиятының қаулысын қабылдауды талап ететiн сұрақтар бойынша төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасы арқылы комиссия белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныс жасайды.
11. Комиссия өзi қарайтын және шешетiн ең маңызды деген сұрақтар жөнiнен аудан әкiмияттын үнемi хабардар етiп тұрады.