Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Байганинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Байганинскому району
- Атауы (қаз.)
- Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 14.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 186237_654184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23CD00058M
- ЭКБ идентификаторы
- 186237
- Редакция идентификаторы
- 186237_654184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:49
0 Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Байғанин аудандық мәслихатының
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 58 шешіміне 1 қосымша
Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
1 есептік бірлікке жылдық норма, м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,95
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,45
3.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,13
4.
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,4
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,22
6.
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,02
7.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,81
8.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,11
9.
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,64
10.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,2
11.
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
12.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,13
13.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,21
14.
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,8
15.
Машиналардан сату
Сауда орнының 1 м2
0
16.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,82
17.
Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0
18.
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0
19.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,5
20.
Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,04
21.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,44
22.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
0,11
23.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,3
24.
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
0
25.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,8
26.
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесы
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
27.
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
28.
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
0,13
29
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,26
30
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
1000 қатысушы
0,8
31
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0
5 Байғанин аудандық мәслихатының
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 59 шешіміне 2 қосымша
Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептеу бірлігі
Қызмет құны, теңге
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
тұрғын/айына
230,77
3
Жылдық тариф бірлігіне (көлем)
1 м3
2914,8