Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 815 · қабылданған 19.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186292/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 815 ·19.09.2023
19.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 815 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
815
Қабылданған күні
19.09.2023
Көрсетілген редакция
19.09.2023 186292_654429.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000815
ЭКБ идентификаторы
186292
Редакция идентификаторы
186292_654429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:45

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Конвенция депозитарийі – Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін апостиль қою өкілеттіктері берілген мемлекеттік органдарды тағайындаудағы өзгерістер туралы хабардар етсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар айқындалсын:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архивінен және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi – Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшiрмелерiне;
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (келісу бойынша) – сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнен және (немесе) олардың аумақтық бөлiмшелерiнен шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) – прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне.
Көрсетілген органдар апостиль қою жөніндегі өкілеттіктерді өздерінің аумақтық органдарына беруге құқылы.»;
көрсетілген қаулыға қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

2 2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
«118-1) көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Министрліктің арнайы мемлекеттік архивінен және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қояды;».
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;».

4 4. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) Министрліктің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қояды;».
____________________________________

Қолданыстағы