Об утверждении правил и критериев оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил и критериев оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы
- Атауы (қаз.)
- Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 408
- Қабылданған күні
- 28.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2025 186305_744124.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033482
- ЭКБ идентификаторы
- 186305
- Редакция идентификаторы
- 186305_744124
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:35
0 Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 408 бұйрығына
қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА) – адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілеттілігінің төмендеу деңгейін сипаттайтын, жоғалған еңбекке қабілеттілігіне пайыздық қатынаста көрсетілген шама;
2
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
4 4) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;
5
5) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
6 6) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
7 7) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2 2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттары
3 3. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау «МОДБ» ААЖ автоматтандырылған режимде:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне;
жылына бір рет, есепті жылдың 20 желтоқсанында жүргізіледі.
Ай сайынғы және жылдық бағалауды қарау сараптамалық қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт негізінде жасалған талаптармен реттелінеді.
4 4. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін ай сайынғы бағалау осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін МӘС тәуелсіз сарапшылары қорытындыларының пайыздық орташа арифметикалық мәнін мынадай формула бойынша айқындау арқылы жүзеге асырылады:
мұндағы:
Бағалау – ай сайынғы бағалау (%);
А – осы Қағидалардың 8-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – ЖЕА дәрежесі белгіленген қайта куәландырылған адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны;
С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.
5 5. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерінің жылдық бағасы ай сайынғы бағалаудың орташа арифметикалық мәнін айқындау арқылы жүзеге асырылады.
6 6. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша «МОДБ» ААЖ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесін қалыптастырады.
7 7. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін ай сайынғы және жылдық бағалау қорытындысы «МОДБ» ААЖ-дағы оның жеке кабинетінде көрсетіледі және олар электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.
Қол қойылғаннан кейін МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау (ай сайынғы және жылдық) Комитетке жіберіледі.
8 8. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1 1) сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы;
2 2) шығарылған шешім (мүгедектікті белгілеу/белгілемеу) организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне сәйкес;
3 3) алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу;
4 4) ЖЕА дәрежесі белгіленген адамдарға қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу/белгілемеу;
5
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 41-тармағына сәйкес ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу.
9 9. МӘС тәуелсіз сарапшыларының өтініштері мен шағымдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
1 Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесі ________________________________________________________________ (МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20___ жылғы __________ (жыл, ай)
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарына
қосымша
Нысан
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесі
________________________________________________________________
(МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылғы __________
(жыл, ай)
№
Көрсеткіштер
Жалпы саны
Өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны
Бағалау (%)
1.
сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы
К1
2.
шығарылған шешім (мүгедектікті белгілеу/белгілемеу) организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне сәйкес
К1
3.
алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу
К2
4.
ЖЕА дәрежесі белгіленген адамдарға қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу/белгілемеу
К3
5.
ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу
К4
БАРЛЫҒЫ
Ескертпе:
К1 – айда көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – ЖЕА дәрежесі тағайындалған қайта куәландырылған адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны.
20___ жылғы «___» __________
Қолы / ЭЦҚ_____________