О дифференцировании тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров в городском сообщении города Петропавловск
Қолданыста
Қаулы
·№ 1188
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дифференцировании тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров в городском сообщении города Петропавловск
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының қалалық қатынасында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1188
- Қабылданған күні
- 19.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2023 186335_654376.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SA758015
- ЭКБ идентификаторы
- 186335
- Редакция идентификаторы
- 186335_654376
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:45
0 Петропавл қаласының қалалық қатынасында
жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-1-тармағына, 20-бабы 1-тармағының 6) және 13) тармақшаларына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық қатынаста жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі төлем әдісі бойынша саралансын:
интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма – қол ақшасыз төлем кезінде жол ақы - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
қолма - қол төлем кезінде жол ақы -170 (жүз жетпіс) теңге.
2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі ақаулы болған жағдайда, интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.
3. «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Петропавл қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Петропавл қалалық
мәслихатының төрағасы