Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района области Абай

Қаулы · № 160 · қабылданған 08.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186359/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района области Абай Қолданыста Қаулы ·№ 160 ·08.09.2023
08.09.2023 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района области Абай

Қолданыста Қаулы ·№ 160 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района области Абай
Атауы (қаз.)
Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
08.09.2023
Көрсетілген редакция
08.09.2023 186359_654413.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0012318
ЭКБ идентификаторы
186359
Редакция идентификаторы
186359_654413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:53

0 Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық

құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 633 қаулысына және Аягөз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 19/358-VII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

1. Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Қоңыртау ауылы таратылып есептік деректерден алып тастала отырып, оның аумағын Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;

2) Қопа ауылы таратылып есептік деректерден алып тастала отырып, оның аумағын Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы