О вопросах создания товарищества с ограниченной ответственностью «Компания по управлению возвращенными активами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах создания товарищества с ограниченной ответственностью «Компания по управлению возвращенными активами»
- Атауы (қаз.)
- «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 824
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2023 186376_656076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000824
- ЭКБ идентификаторы
- 186376
- Редакция идентификаторы
- 186376_656076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:43
0 «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.
2 2. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалсын.
3 3. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) серіктестік жарғысын бекітуді;
2 2) мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
3 3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-211-жолмен толықтырылсын:
«21-211. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
2 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
«9. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».