О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным и железнодорожным транспортами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным и железнодорожным транспортами
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 25.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2023 186449_662623.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033459
- ЭКБ идентификаторы
- 186449
- Редакция идентификаторы
- 186449_662623
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:40
0 Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Алты ай мерзімге бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199):
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;
лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының мекенжайына темір жол көлігімен бидай әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) лицензияланған элеваторлар, астық өңдеушілер, құс шаруашылығы кәсіпорындары тізбесінің қалыптастырылуын және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. 2023 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі