Құжат мәтініне өту

Об определении уполномоченных операторов по целевому использованию единовременных пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения

Қаулы · № 825 · қабылданған 22.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186458/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении уполномоченных операторов по целевому использованию единовременных пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения Қолданыста Қаулы ·№ 825 ·22.09.2023
22.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении уполномоченных операторов по целевому использованию единовременных пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения

Қолданыста Қаулы ·№ 825 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении уполномоченных операторов по целевому использованию единовременных пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения
Атауы (қаз.)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
825
Қабылданған күні
22.09.2023
Көрсетілген редакция
22.09.2023 186458_657880.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000825
ЭКБ идентификаторы
186458
Редакция идентификаторы
186458_657880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:42

0 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы

зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі
уәкілетті операторларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1-бабының 136) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
тұрғын үй және (немесе) банктік бір қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; тұрғын үй және (немесе) банктік бір қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешегін ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй берешегін қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында екінші деңгейдегі банктер;
емделуге ақы төлеу мақсатында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы;

2

2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 875 қаулысы.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы