Об изменении и установлении границ Жетысайского, Мактааральского районов Туркестанской области и их сельских округов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении и установлении границ Жетысайского, Мактааральского районов Туркестанской области и их сельских округов
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 20.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2024 186464_736366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23U0635113
- ЭКБ идентификаторы
- 186464
- Редакция идентификаторы
- 186464_736366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:44
0 Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың
ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша:
1
1) Жетісай ауданының шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін қосу арқылы және Мақтаарал ауданының шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін беру арқылы Жетісай ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 104542,29 гектар шекарасында белгіленсін;
2
2) Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін қосу арқылы және Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына, Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін Мақтаарал ауданының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 8818,10 гектар шекарасында белгіленсін;
3 3) Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 8288,21 гектар шекарасында белгіленсін;
4 4) Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 9057,28 гектар шекарасында белгіленсін;
5 5) Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 336,13 гектар жерлерін Асықата кентінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 7477,71 гектар шекарасында белгіленсін;
6 6) Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2898,44 гектар шекарасында белгіленсін;
7 7) Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 612,04 гектар жерлерін қосу арқылы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 10005,26 гектар шекарасында белгіленсін;
8 8) Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін қосу арқылы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 13499,19 гектар шекарасында белгіленсін;
9 9) Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,51 гектар жерлерін Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 11839,43 гектар шекарасында белгіленсін;
10 10) Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 9924,83 гектар болып белгіленсін;
11 11) Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 10507,4 гектар болып белгіленсін;
12 12) Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 10870,73 гектар болып белгіленсін.
13
13) Жетісай ауданы Жаңа жол ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 74,36 гектар, Қарақай ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,34 гектар, Қазыбек би ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,36 гектар жерлерін Жетісай қаласының шекарасына беру арқылы Жетісай ауданы Жетісай қаласының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1373,43 гектар шекарасында белгіленсін.
2 2. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша:
1
1) Мақтаарал ауданының шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін қосу арқылы және Жетісай ауданының шекарасына Мақтаарал ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін беру арқылы Мақтаарал ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 80855,71 гектар шекарасында белгіленсін;
2
2) Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 187,83 гектар жерлерін қосу арқылы және Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 95,93 гектар жерлерін Жетісай ауданының шекарасына беру арқылы Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 11501,97 гектар шекарасында белгіленсін;