Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Уральск – граница Российский Федерации (на Самару) на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Уральск – граница Российский Федерации (на Самару) на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының (жол учаскесін) Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 186505_742716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033465
- ЭКБ идентификаторы
- 186505
- Редакция идентификаторы
- 186505_742716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:43
0 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының (жол учаскесін) Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
1) ІII санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - Шымкент республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) 195 + 000 километр (бұдан әрі – км) - 251 + 000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Бұзылыққа)» республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 195+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 251+000 км;
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа сәйкес;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – ІII санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 1 белдеу;
6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 56 км;
7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 10 Бұйрығына
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен
қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
206 км
Погодаево кенті
220 км
Павлово кенті
227 км
Горбуново кенті
234 км
Махамбет кенті
2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 10 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
ІII санаттағы Ресей Федерация шекарасы (Самараға) – Орал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал – Ресей Федерация шекарасы (Самараға) 195 + 000 километр (бұдан әрі-км) – 251+ 000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК):
№ Р/с
Аймақтар
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
195+000 км -219+000 км (24 км)
0,0453
0,0383
0,0905
0,0766
0,1347
0,1149
0,1811
0,1544
0,2252
0,1915
2
219+000 км -251+000 км (32 км)
0,0604
0,0511
0,1207
0,1022
0,1795
0,1532
0,2414
0,2059
0,3003
0,2554
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (56км)
0,1056
0,0894
0,2113
0,1788
0,3142
0,2681
0,4225
0,3602
0,5255
0,4469
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Автокөлік құрадының түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
2 АЕК
3 АЕК
4 АЕК
5 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Автокөлік құралының түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
12 АЕК
24 АЕК
36 АЕК
48 АЕК
60 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 10 бұйрығына
3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре
алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
1
Погодаево кенті
2
Павлово кенті
3
Горбуново кенті
4
Махамбет кенті